GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Все материалы
06 октября 2026
«Бурабай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Бурабай ауданының антикоррупциялық стандарты.PDFБүйрық 110.PDF

18 сентября 2026
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық, қала маңы және ауданішілік тұрақты тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық, қала маңы және ауданішілік тұрақты тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

 

1. Бурабай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы № а-10/396 қаулысына сәйкес, «Бурабай аудананың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ 2026 жылғы қазанның 19 күні, сағат 15:00-де  Щучинск қаласы, Абылайхан көшісі, 32мекенжайында жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық, қала маңы және ауданішілік тұрақты тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізілетінін хабарлайды.

2. Конкурсқа келесі маршруттар пакеті (лоттар) қойылады

№ лота

Бағыт

Бағыттардың атауы

Негізгі аралық аялдамалар

Бағыттағы автобустар саны

 

1

№ 1 бағыт

Вокзал-Институт

ҚабылдағышТехколледжАудандық аурухана Экология және орман шаруашылығы колледжіИндустриялдық

4

 

№ 6 бағыт

«Южный» ықшам ауданыШаныраксауда үйі

БазарРМЗ-Автоколонна-Вокзал-Химчистка- «Встреча» дүкені

2

2

№ 4 бағыт

Вокзал-Солнечная

Қабылдағыш–Техникалық колледж-Базар-«Горный» ықшам ауданыМектепАлматинская

4

 

№ 9 бағыт

Вокзал -«Энергетиков»ықшам ауданы

Караван-«Мерей» дәмханасы-БТИ-Аудандық ауруханаАйналма-«Мечта» дүкені

2

3

№ 5 бағыт

Вокзал-«Тройка»дүкені

«Мерей» дәмханасы-Ақ желкен-Базар-Балалар-Қалалық су арнасы-Рабочая көшесі-«Пегас» АЖҚС

3

 

№ 7 бағыт

Ет комбинаты- «Восток» сауда үйі

Заречная көшесі-№ 5 мектеп- «Тройка» дүкені-Элеватор-Емхана- Дәріхана-Базар

2

4

№ 11 бағыт

Щучинск-Зеленый Бор (Оқжетпес кенті арқылы)

БТИ-Индустриялдық Экология және орман шаруашылығы колледжі -СветлыйшипажайыБурабай-Оқжетпес-Молбаза

3

 

№ 12 бағыт

Щучинск-Оқжетпес(шипажайлар арықлы)

БТИ-Индустриялдық Экология және орман шаруашылығы колледжі Светлый шипажайы - Зеленый Бор шипажайыЩучье шипажайы -Оқжетпес шипажайыҚарағай ТД – Бурабай к.

1

5

№ 22 бағыт

Щучинск-Ұрымқай

Емхана-Базар-Қарашілік а.-Лесхоз-Көрнекті а.-Дмитриевка а.

1

 

№ 24 бағыт

ЩучинскҚарашілік

Щучинск- Көрнекті а.- Қарашілік а.

1

 

№ 25 бағыт

Щучинск-Қатаркөл

БТИ-Аудандық аурухана-Шыны зауыты- «С.Сейфуллин» БСО-«Приозерное» БСО-Қатаркөл

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

 

3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады, және М. А. бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес тасымалдаудың осы түрін ұйымдастыруға қабілетті. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес автобустарға, шағын автобустарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етсін.

Минималды талаптар:

Тасымалдаушы қызмет көрсетілетін маршрут бойынша резервтік автобус (шағын автобус) желісіне таңертең және кешкі уақытта (қарбалас уақытта) шығуды, QR – код және посттерминал арқылы жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін қамтамасыз етуі қажет, жылжымалы құрамды пайдалану мерзімі "жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгілік шартына" (барабар) 1-қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс, отыратын орындардың ең аз саны кемінде 18 болуы тиіс

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер "Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-не Щучинск қ., Абылайхан к-сі 32 мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді немесе электрондық поштаға ұсынады: burabay_zholdary01@mail.ru.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы "9" қазан

6. Анықтама алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (71636) 2-15-15.

 

 

17 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
  1.  

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

    Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

    «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары

    - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері

    Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері

    «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары

    Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар

    Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер

    Кітап оқитын зияткер — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар

    Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

    Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

    Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады:1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге;3-орын — 300 000 теңге.

    Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

    «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

    «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

    Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделіұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

    Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

    Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

    Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

10 августа 2026
Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Құрметті жас мамандар! Сіздерге мемлекеттік қызметтегі кейбір лауазымдарға конкурстан тыс тағайындалу мүмкіндігінің бар екенін хабарлаймыз!

Негізгі шарттары:
1) конкурссыз орналасу мүмкіндігі ЖОО бітіргеннен соң 1 жыл ішінде іске асырылады;
2) білім туралы дипломның GPA деңгейі кем дегенде 3.33 құрауы тиіс;
3) мамандығыңыз лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;
4) конкурссыз орналасу мүмкіндігі облыстық маңызы бар қаладан басқа (Көкшетаудан басқа) аудан / қалаларда іске асырылады;

Конкурссыз иеленуге болатын мемлекеттік әкімшілік лауазымдар:

1️⃣ ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;

2️⃣ ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (Көкшетау қаласынан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;

3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;

4️⃣ орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (Көкшетау қаласынан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына.

Ауылдық елді-мекендерге орналасқан жас мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беру мүмкіндігі қарастырылады.

Сізді осы ақпарат қызықтырса, не болмаса толығырақ кеңес алғыңыз келсе мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне тікелей жүгінуге, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 3 қабат мекенжайы, 8 716 2 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Сайлау
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
04 июня 2026
Хабарландыру Ақмола облысының Бурабай ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

Ақмолы обылысың «Бурабай ауданы әкімдігінің аппарты» ММ 1.06-7.06.2026ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделік тұлғалар қатыса алады.

Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы «Бурабай ауданы әкімдігінің аппарты» ММ құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы   – Галиакпарова Ляззат Қостанайқызына 2025 жылғы 1 маусымға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 45905

29 апреля 2026
Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Қабиденов Алтынбек Қайырұлына мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 4-59-05, қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қабылданады.

28 апреля 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына орай брифинг өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, конкурстық комиссия мүшесі Ғайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева қатысты.
Жиында 2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келетіні атап өтілді.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
Конкурстық өтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
2-қосымша сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (PDF форматы);
Жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
3-қосымша сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы (PDF форматы);
Зияткерлік меншік туралы мәлімет (бар болса, PDF форматы);
Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).
Анықтама үшін байланыс телефондары:
8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сайлау
03 марта 2026
референдум-2026
Сайлау
03 марта 2026
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы