Меню

Страницы

Статья

«Бурабай ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» ММ 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету

«Бурабай ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» ММ

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету

 

  1. Жалпы ережелер

 

         1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер. Бөлімінің кабинеті Абылайхан көшесі 34 үй, 108 кабинетте орналысқан.

         2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Бурабай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі»  екі мемлекеттік қызмет көрсетеді: Сппортық санаттарды тағайындау 1.«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру»; 2. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондарына және жүлдегерлеріне тұрғын үй беру. 2021 ж.  ішінде «Бурабай ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» 47 бірлік көлемінде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың ішінен 44 бірлік, Щучинск қ. ОРМБЖМ облыстық филиалдарының жаттықтырушылардың спорттық разрядтарды  беру туралы өтініші негізінде, 1 өтініш бойынша жаттықтырушы санаты берілді. «Спорт бойынша төреші» біліктілік санаты 2 өтініш беруші иеленді.

    

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  барлық қажетті ақпарат Бурабай ауданының әкімінің интернет-ресурсында жарияланған. Сайттың «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық ережелер, керекті құжаттар тізімі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органның есебі, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижереріне шағымдану туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет алу туралы нұсқау мемлекеттік және ресми тілде жарияланған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Instagram желісіндегі @sport.tourism.otdel_burabay ресми парақшасында, сондай-ақ ақпараттық стендте, Щучинск қаласы, Аблайхана көшесі 34, 108 кабинет бойынша қалалық әкімдік ғимаратында орналасқан.  Байланыс телефоны 8 (71636) 2-30-55.

         2) Бүгінгі күні қоғамдық талқылаулар Instagram желісіндегі @sport.tourism.otdel_burabay ресми парақшасында қарастырылуда.

         3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жыл ішінде «Бурабай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Instagram парақшасында жарияланған.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

      1) 2021 ж. мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. 2021 жылы бөлім қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан өткен жоқ.

     

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша). 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. 2021 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бөлімнің жауапты мамандары мемлекеттік қызмет көрсету регламент талаптарын бұзған жоқ.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

        

         Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР Мемлекеттік заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүдделері үшін қызмет көрсететін "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы