Меню

Страницы

Статья

Оформление документов на  инвалидов для предоставления им протезно-ортопедической помощи

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу

 

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну туралы ереже» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы  № 26 бұйрығы негізінде «Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ  «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетілетінін хабарлайды.  

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

  • көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін

қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:

  • нысан бойынша өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынады.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты

куәландыратын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • еңбек қызметімен байланасты жазатайым оқиға туралы актінің және

жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері-жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

  • оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен

кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің немесе жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін қоса береді.

         Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұскалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады,

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша барлық мәселелер жөнінде осы мекенжай бойынша жүгінулеріңізге болады: Щучинск қаласы, Наурыз көшесі, 24, «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, 7 каб., тел. 4-35-36.

Жұмыс істеу кестесі: күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа сағат 9-00 ден 18-30 дейін, түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 дейін.

Дата публикации
18 ноября 2021
Дата обновления
18 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы