Есту кемістігі бар бірінші топтағы мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін кұжаттарды ресімдеу
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін стандарттарын бекіту туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы негізінде «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Есту кемістігі бар бірінші топтағы мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін кұжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетілетінін хабарлайды.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін
қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты
куәландыратын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көсетілетін қызметті алушының мәліметтері ақпараттық жүйелерде болмаған кезде оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі қоса беріледі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұскалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады,
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша барлық мәселелер жөнінде осы мекенжай бойынша жүгінулеріңізге болады: Щучинск қаласы, Наурыз көшесі, 24, «Жұмыспен қамту. әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, 7 каб., тел. 4-35-36.
Жұмыс істеу кестесі: күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа сағат 9-00 ден 18-30 дейін, түскі үзіліс 13-00 ден 14-30 дейін.