Меню

Страницы

Статья

«ҚАУІПСІЗ СУ» акциясы

«ҚАУІПСІЗ СУ» акциясы

Төтенше жағдайлардың басқа түрлерінің алдын алумен қатар, адамдардың судағы қауіпсіздігі де Ақмола облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, осыған байланысты, қызметкерлер облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Өскелең ұрпаққа, сондай-ақ, облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік мәдениетін дарыту мақсатында бүгін Департамент "Қауіпсіз су" акциясы өткізуде.
Осы акция аясында қызметкерлер суға батып бара жатқан адамға қалай көмек көрсету, суға батушыны құтқару, алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету, кесілген және күнге күйіп қалған жағдайда не істеу керектігін үйрету дағдыларын көрсетті.
Осыған ұқсас іс-шаралар облысымыздың барлық өңірлерінде өткізіледі және шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасын табады.
Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау инфрақұрылымының дамуымен, бұл нысан қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті және жиі баратын демалыс орындарының біріне айналғандықтан, бекер таңдалған жоқ.
Бүгінгі іс-шараға Департаменттің құтқарушылары мен медиктері, Қызыл Жарты ай өкілдері, сондай-ақ 50 адамнан тұратын еріктілер ұйымдары қатысты.
Қорытындылай келе, судағы кейбір ережелерді еске сала кетейік:
- егер сіз балалармен су айдынында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балалардың суға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз;
-демалыс кезеңінде балаларды әртүрлі секциялармен және үйірмелермен қамту, мүмкіндігінше балаларды жүзу секцияларына жіберу қажет:
- тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
- жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан жүзбеңіз;
- жүзу құралдарын пайдалана отырып балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;
- техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілмеңіз;
- тәуліктің қараңғы уақытында суға кірмеңіз және шомылмаңыз;
- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, ОСЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ БІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ!

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы