Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызмет жөніндегі есепті жария талқылауды өткізу нәтижелері туралы қорытынды Бурабай ауданының әкімдігі

 

 

 

                   Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызмет жөніндегі есепті жария талқылауды өткізу нәтижелері туралы қорытынды                                                                   

Бурабай ауданының  әкімдігі

(ОМО/ЖАО атауы)

 

1.Жария талқылау өткізіліген мерзім:2021 жылдың 01 наурызнан 30 наурызына дейін

  1. Жария талқылауды өткізу тәсілі: ашық
  2. Жария талқылауды өткізу туралы хабарлау тәсілі: БАҚ-та: «Стабильная» аудандық газетінің  2021 жылғы  04 наурыздағы № 09, 2021 жылдың 24 ақпанынан бастап,  www.gov.kz  интернет- ресурсында, аудан әкімінің инстаграмда 26.02.2021 жылы.

4.Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстарының және (немесе) ескертулерінің тізбесі:

 

№ р/с

Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді енгізген жеке тұлғаның Т.А.Ә.,  ұйымның атауы

Жария талқылау аясында келіп түскен ұсыныстың және (немесе) ескертудің  қысқаша мазмұны

Ұсынысты және (немесе) ескертуді  қабылдау немесе қабылдамау  туралы мәлімет

Ұсынысты және (немесе) ескертуді  қабылдау немесе қабылдамау бойынша негіздеме

Ескерту

 

1.

Каирбекова Асем

Мен ЭҮП арқылы Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру мемлекеттік қызметін ала аламын ба?

 

қабылданды

Иә, Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бекітілген ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы).

Бірінші кезең:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанында елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;

2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.

Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.

 

2

Бутенко Татьяна Олеговна

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» қызметін көрсету мерзімін айтыңызшы?

 

 

 

қабылданды

Cәлеметсіз бе. Құжаттарды қараудың және анықтама алудың немесе «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

 

 

 

3

Елемесова Эльмира

Сәлеметсіз бе! айтыңызшы, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады ?

 

қабылданды

Cәлеметсіз бе. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес «Жеке тұрғын үй құрылысы» үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не «Жеке тұрғын үй құрылысы» үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес "жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) бойынша беріледі. Мемлекеттік қызметті Жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе портал арқылы жүгінуі қажет.

 

  1. Қосымша мәліметтер: жоқ.

 

 

                                                                                                                                                                                         

Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы                                                                                                           А. Смаилов

 

 

 

 

 

Орынд.: Е. Падалко

      Тел.: 8 (71636) 79319

 

 

Дата публикации
31 марта 2021
Дата обновления
01 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы