«Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ
2020 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету
аясындағы қызметі туралы
ЕСЕПТЕМЕ
Жалпы ережелер
«Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Бурабай ауданыБурабай кенті әкімінің аппараты» КММ) селолық округ әкімінің қызметі саласында басшылықты іске асыратын,Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Қонституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті-құқықтық актілеріне,«Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары,белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бары.Өз құзыреті сұрақтары бойынша заңмен белгіленген тәртіптеҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделетіншешімдер қабылдайды.
Кент тұрғындарының ауқаттылығын артыру үшін қолайлы өмірлік жағдай жасаудағы мемлекеттік саясатын жүргізуге жағдай жасайтынБурабай кенті әкімінің қызметінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету «Бурабай ауданыБурабай кенті әкімінің аппараты» КММ міндеті болып табылады.
«Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ негізгі міндеттері болып табылады:
«Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ тікелей мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүргізеді. Әкімдіктің қарауында мемлекеттік қызметтің 7 түрі бар:
-мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепкедейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою;
-шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлерінетегін тасымалдауды ұсыну;
-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру;
-Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату.
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабының 5 тармағына, мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың қызметі есебін қалыптастыру мен ұсыну Ережесінің 9 тармағына сәйкес, сонымен қатар Бурабай кентінің тұрғындарын әкім аппаратының жұмысы туралы ақпарат беру мақсатында. Бұл есептемені орналастырудың негізгі міндеті талқылауға барлық мүдделі тұлғаларды жұмылдыру, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер «Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация, сонымен қатар www.e.gov.kz. «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтердің көбісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.
Әр мемлекеттік қызметте құқықтық негіз бар – ол бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 11 мемлекеттік қызметтер стандарттары және Қазақстан Республикасы Ақмола облысының әкімдігімен бекітілген 11 мемлекеттік қызметтер регламенттері әрекет етеді.
Аппараттың ең талап етілетін мемлекеттік қызметтері болып табылады: сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлерінетегін тасымалдауды ұсыну; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру; мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепкедейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою, ,он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
2020 жыл 2019 жылмен салыстырғанда, мемлекеттік қызметтер аясында «Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ-не келесі мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер қабылданды:
- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлерінетегін тасымалдауды ұсыну2019 ж. – 64 қызмет, 2020 ж. –18 қызмет;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 2019 ж.–28 қызмет,2020 ж. – 33 қызмет;
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу2019 ж. - 106 қызмет, 2020 ж. – 102 қызмет;
Қызмет алушылармен жүргізілетін жұмыс
«Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММмемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы өзекті ақпаратты Бурабай кенті әкімдігінің ғимаратындағы мемлекеттік қызметтер туралы стендінде және burabay.akmo.gov.kz. электронды мекенжайы бойынша Бурабай аудан әкімінің ресми сайтында орналастыру арқылы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатындаәршаруашылық есеп бойынша үй-үйді аралау кезінде мемлекеттік қызмепттерді көрсету сауалдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру
Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Бурабай кенті әкімінің аппараты қызметінің тұрақты жетілдірілуі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»Қазақстан Республикасының Заңы мен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттардың есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау
2019 жылда тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіліп отырылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша қызметті алушылардан шағымдардың болмауы, мемлекеттік органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылық көрсеткіші болып табылды.
Бурабай ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына міндетті бақылау жүргізіледі. Бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен бұзушылық анықталмаған. Бурабай кенті әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметті алушылар жағынан шағымдар келіп түспеген.
Есепке қосымша
Бурабай кенті бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сауалдары бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағымның мәні |
Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарастыру күні |
Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет |
|
|
|
|
|
|
|
|