Меню

Страницы

Статья

«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылдың есебі

«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылдың есебі

 

  1. Жалпы ережелер.

 «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүшесі болып табылады, ауданның ауыл шаруашылығы  саласындағы басқарушылық  қызметті жүзеге асырады.  

«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеті Қазақстан Республикасында экономиканы дамытуда әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекеттік саясаттың тұтастығын жүзеге асыру болып табылады, ауданның ішкі сұранысын қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімін нығайту және ішкі нарыққа жеткізу үшін, Бурабай ауданын дамыту бойынша жеке жоспарлары және  стратегиялық жоспарларларын өңдеп жүзеге асыру.  

«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  тұрған жері: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай Хан көшесі 34,  (109-ші (Open Space) кабинеті, 117-ші кабинет) «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  10 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді:

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» - 128.
  2. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» - 245.
  3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды «жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан               өткізу» - 60.
  4. «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» - 42.
  5. «Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» - 0.
  6. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» - 0.
  7. «Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» - 0.
  8. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» - 0.
  9. «Су объектілерін жеке немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» - 0.
  10. «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының аңшылық алқаптарын және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін жануарлар әлемін пайдаланушылар үшін белгілеу және аңшылық және балық аулау қажеттіліктері үшін сервитуттар белгілеу туралы шешім қабылдау» - 0

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бекітілген ережелер бар.

 

  1. Мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпарат Бурабай ауданы әкімінің сайтында және  ауыл шаруашылығы бөлімінің стендтында орыналастырылған.

Халық сарапына салу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жобасы Бурабай ауданы әкімінің сайтына орналастырылған.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында, сонымен қатар стандарттардың талаптарына сай кемшіліктерді болдырмау мақсатында және мемлекеттік қызмет көрсету уақыт тәртібімен  ауыл шаруашылығы бөлімімен ауқымды жұмыстар атқарылды.

Аудандық газеттерге мақалалар жариаланды:

- Көктемгі кезенде жыл сайынғы техникалық байқауды өткізу бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі (Бурабай газеті № 11, 19 наурыз 2020 жыл);

 

- "Көктемгі кезеңге жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі "("луч" газеті, 2020 жылғы 19 наурыз № 22).

- Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" ("луч" газеті, 2020 жылғы 23 Сәуір № 29);

- Мемлекеттік қызмет кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (соның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, мемлекеттік, өтімділігі жоғары арнайы машиналар "("Луч" газеті № 34 28 мамыр 2020 ж);

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша қызметі

Мемлекеттік қызметтер «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру бойынша нормативтік-құқықтық актлері; «Мемлекеттік қызмет бойынша» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стандарттары.

  1. Болашақта мемлекетік қызмет көрсетудің сапасы мен қызмет алушының тиімділігімен және қанағаттанарлығын көтермелеу.

Ауыл шаруашылығы бөлімімен қызмет көрсетудің сапасы және қызмет алушының тиімділігімен қанағаттанарлығын көтермелеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2) 2020 жылы Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімімен барлығы 475 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде 41 – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы,                 36 – «Е-лицензиялау» МДБ арқылы.   

Барлығы 475 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде  398 - ЭҮП (электронды үкімет порталы) арқылы.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингісінің жалпы көрсеткіштері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың арызы туралы ақпарат.

 

Арыз беруші туралы мәлімет

Арыздың мәні

Арызды қарастырған және шешім қабылдаған орган

Қарастырылған күні

Қарастырылған арыздар нәтижесі құжатының №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы