Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 23-бабының 5-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған. Жария талқылау қызметті сондай-ақ берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы қағидаттарының іске асырылуын, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін тұрақты жетілдіруді, олардың көрсетілуінің үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Ағымдағы жылдың 01 наурызынан 30 наурызына дейін аудан әкімінің сайтында (Құжаттар), «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің «Жария талқылаулар» кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсететін ауылдық округтер, Бурабай кенті, Щучинск қаласы әкімдерінің және дербес бөлімдердің 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.

Аудан тұрғындарына «Пікір» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыруға мүмкіндік берілетін болады.

Ауданның барлық тұрғындарына жария талқылауларға белсенді қатысу өтінішімен жүгінеміз.

Дата публикации
24 февраля 2021
Дата обновления
24 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы