Бурабай кенті әкімі аппаратының 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есеп қызметі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет |
«Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат |
|
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердін саны |
2899 |
|
|
ЭҮП арқылы |
2856 |
|
|
Тегін негізінде |
2899 |
|
|
Қағаз нысанда |
43 |
|
|
Электрондық нысанда |
0 |
|
|
Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартары мен регламенттер саны |
6 |
|
|
Барынша талап етітін мемлекеттік қөрсетілетін қызмет |
1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 3. Жер учаскесін алуға кезекке қою
|
|
|
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер |
Бурабай ауданындағы интернет –ресурсында ақпарат, Бурабай кенті әкімінің аппаратында стенд материалы, бұқаралық ақпарат құралдары, қолма қол ескертпелерді тарату арқылы түсіндерме жұмыстарын өткізу |
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат |
Халықпен кездесу кезінде қоғамдық талқылау |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрстеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) |
қызметті алушылармен, және әр шаруашылықты аралау кезінде түсіндерме жұмыстар |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
Мемлекеттік қызметтер көрсету |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
Аппараттық оқуы, семинар-жиналыс |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау |
||
|
5 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Бурабай кенті әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ |
«Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ
2025 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету
аясындағы қызметі туралы
ЕСЕПТЕМЕ
Жалпы ережелер
«Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ) кент әкімінің қызметі саласында басшылықты іске асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Қонституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті-құқықтық актілеріне, «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар. Өз құзыреті сұрақтары бойынша заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
«Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ тікелей мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүргізеді. Әкімдіктің қарауында мемлекеттік қызметтің 6 түрі бар:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (бірінші кезең, екінші кезең);
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең, екінші кезең);
- Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру;
- Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату;
- Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту.
«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабының 5 тармағына, мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың қызметі есебін қалыптастыру мен ұсыну Ережесінің 9 тармағына сәйкес, сонымен қатар Бурабай кентінің тұрғындарын әкім аппаратының жұмысы туралы ақпарат беру мақсатында. Бұл есептемені орналастырудың негізгі міндеті талқылауға барлық мүдделі тұлғаларды жұмылдыру, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация, сонымен қатар www.e.gov.kz. «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтердің көбісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.
Аппараттың ең талап етілетін мемлекеттік қызметтері болып табылады: сауда-саттықты (конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
2025 жылды 2024 жылмен салыстырғанда, мемлекеттік қызметтер аясында «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ-не келесі мемлекеттік қызметтер бойынша келесі мемлекттік қызметтер көрсетілді:
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 2024 жылы – 39, қызмет 2025 жылы – 32 қызмет;
- сауда-саттықты (конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу 2024 жылы – 69 қызмет, 2025 жылы - 77 қызмет;
- Жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату 2024 жылы – 3 қызмет, 2025 жылы – 4 қызмет;
- Жер учаскесін алуға кезекке қою 2024 жылы – 2225 қызмет, 2025 жылы – 2747 қызмет;
- Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту 2024 жылы – 4 қызмет, 2025 жылы – 39 қызмет.
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылдағы көрсетілген
мемлекеттік қызметтер анализі
Қызмет алушылармен жүргізілетін жұмыс
«Бурабай ауданы Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы өзекті ақпаратты Бурабай кенті әкімдігінің ғимаратындағы мемлекеттік қызметтер туралы стендінде және burabay.akmo.gov.kz. электронды мекенжайы бойынша Бурабай аудан әкімінің ресми сайтында, инстаграммда орналастыру арқылы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында әршаруашылық есеп бойынша үй-үйді аралау кезінде мемлекеттік қызмепттерді көрсету сауалдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесстерін жетілдіру
Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында Бурабай кенті әкімінің аппараты қызметінің тұрақты жетілдірілуі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттардың есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау
2025 жылда тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіліп отырылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша қызметті алушылардан шағымдардың болмауы, мемлекеттік органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылық көрсеткіші болып табылды.
Бурабай ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына міндетті бақылау жүргізіледі. Бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен бұзушылық анықталмаған. Бурабай кенті әкімінің аппаратына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызметті алушылар жағынан шағымдар келіп түспеген.