Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2025 жылғы қызмет есебі
Осы есеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Бурабай ауданының Щучинск қаласының тұрғындарын «Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жұмысы туралы хабардар ету мақсатында жасалды. Осы есепті орналастырудың негізгі міндеті барлық мүдделі тараптарды талқылауға тарту, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
«Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның толық тізбесімен Бурабай ауданының интернет-ресурсында, ақпараттық стендтерде танысуға болады.
- «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу»;
- «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау»;
- «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту»;
2025 жылы 85 мемлекеттік қызмет көрсетілді, ХҚКО арқылы 0 қызмет - ЭҮП арқылы 0 қызмет – электрондық үкімет порталы) - 72 қызмет;
- «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» - 66 қызмет;
- «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» - 19 қызмет;
- «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» - 0 қызмет.
Қызметтер тікелей мемлекеттік мекемеде тегін негізде ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 2 мемлекеттік қызметші өтті.
«Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық тізбесімен Бурабай ауданы әкімінің интернет-ресурсында, Бурабай ауданының БАҚ-та ресімделген стендте танысуға болады. Әкімдік ғимараты шақыру түймесімен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар туралы, ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы ұсыну туралы, халыққа мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат бөлімге барған кезде жүргізіледі.
Есептер түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ай сайынғы бақылау жүзеге асырылады.
Бурабай ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізілді.
«Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ..