«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтер, Бурабай кенті және Щучинск қаласы әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
- мемлекеттік қызметтер саны: ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 57 түрін (62 кіші түрін) көрсетеді.
- 6 қызметті ауылдық округ әкімдіктері көрсетеді.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 24 қызмет түрі.
- ЭҮП электрондық түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 50 қызмет.
- мемлекеттік қызметтің 57 түрінен ақылы негізде 4 қызмет көрсетіледі.
- проактивті форматта 7 түрі бар.
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын 56 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 12 769 құрады:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 1338;
– электронды түрде- 10 087 (ЭҮП);
- көрсетілетін қызметті беруші арқылы-148 қызмет;
- ақпараттық жүйелер – 1996.
|
№ |
Атауы |
Көрсетілген қызметтер саны |
дәлелді бас тартулар саны |
|
1 |
Жер қатынастары саласында |
6342 |
1090 |
|
2 |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
3585 |
500 |
|
3 |
Сәулет және қала құрылысы саласында |
1152 |
9 |
|
4 |
Ауыл шаруашылығы саласында |
991 |
6 |
|
5 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында |
373 |
38 |
|
6 |
Дене шынықтыру және спорт саласында |
131 |
0 |
|
7 |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында |
72 |
0 |
|
8 |
Экономика және қаржы саласында |
49 |
13 |
Мемлекеттік қызметтерді
«Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсету
Ауылдық округтер, Бурабай кенті және Щучинск қаласы әкімдерінің аппараттарында 11 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 1659 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: бұл «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту»,»Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы деректерді беру», «Эскиздік жобаны келісу».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актімен айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың (9 жергілікті атқарушы органның, 11 аумақтық округтің) стендтерінен алуға болады. Бурабай ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz.. аудан әкімінің Instagram парақшасында -burabay_audanynyn_akimdigi, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
Кенесары ауылында сервистік әкімдік ашылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есеп қоғамдық талқылауға арналған аудан әкімінің - burabay_audanynyn_akimdigi сайты мен Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру жыл ішінде 13 семинар - кеңес және «дөңгелек үстел», қоғамдық кеңесте 4 тыңдау өткізілді, 8 Тікелей эфир және Бурабай кентіндегі мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Мемлекеттік органдардың БАҚ және әлеуметтік желілерінде 148 мақала жарияланды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 57-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын ішкі бақылау қорытындылары бойынша ішкі бақылау қызметтері Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, оның ішінде оларды автоматтандыру бойынша, оңтайландыру және оларды электронды түрге көшіру.
Электрондық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» арқылы көрсетіледі.
Осыған байланысты Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтер тізіліміне мерзімді өзгерістер енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында ақпараттық сервистердің және активтерді басқарудың цифрлық платформалары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының филиалында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 18 қызметші (мемлекеттік қызметшілер қатарынан) біліктілігін арттырудан өтті.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері - көрсетілетін қызметті берушілер үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу жүргізілді – 62 қызметкер оқытылды - (жоспарға 100%).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2024 жылы көрсетілетін қызметті берушілердің атына мемлекеттік қызметтер көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 1 шағымды қарау қорытындысы бойынша рұқсат құжаттарын беру кезінде заңнама талаптарын бұзу бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес ауданның 5 мемлекеттік мекемесінде («Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ - 69 бұзушылық, «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 3 бұзушылық, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ – 2 бұзушылық, «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ – 0 бұзушылық, «Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ – 6 бұзушылық) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бақылау іс-шаралары өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында 9 қызметтік жазба жасалды. Мемлекеттік қызмет көрсететін 9 маманға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтердің жалпы қанағаттанушылығына қатысты рейтингісіне сәйкес көрсеткіш 76,6% құрады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2025 жылға арналған ҚР Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөліміне 8-71636-79319 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Бекназаров Д.Д. |
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша негізсіз бас тарту |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті |
29.11.2024 ж |
13.12.2024 ж. №03-03/2756 |
Дәлелдер расталды.
Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді |
- |