Меню

Страницы

Статья

"Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

Осы есеп«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 31-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, сондай-ақ аудан тұрғындарын көрсетілетін қызметтер, бөлім жұмысы туралы хабардар ету мақсатында жасалған. Бұл есепті жариялаудың негізгі міндеті – ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, талқылауға барлық мүдделі тараптарды тарту.

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 25 мемлекеттік қызмет көрсетті (20-негізгі, 5-кіші түрлер), барлық саны  -  3585мемлекеттік көрсетілген қызмет.

 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша -500 мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы болды.«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 169, «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту» -329, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» 1, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құжаттарды ресімдеу» 1.

Барлық мемлекеттік қызметтер нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес көрсетілді.

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

-Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

- еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру және ұзарту;

- Мүгедектігі бар адамдарды мен мүгедектігі бар  балаларды санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу

Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің, бөлім сайттарында, «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, ауылдық округ әкімдіктерінің, Бурабай кентінің стендттерінде орналасқан.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі шеңберінде халықты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатты көзделген. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, Instagram парақшаларында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 36 жарияланым жарық көрді (халықты қамту 1800 жазылушы).

Ғимараттың бірінші қабатында барлық қажетті техникамен жабдықталған «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда ауданның әрбір тұрғыны мемлекеттік қызметті пайдаланаалады (өтініш береді).

Бөлім мамандарымен Бурабай ауданы әкімдігінің инстаграм желісінде  9 839жазылушыны құрайтын халықты қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі түсіндіріліп, тікелей 2 хабарлар жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жақсарту бойынша қызмет

Кәсіби деңгейін арттыру үшін бөлім қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өтуде, осылайша 2024 жылғы наурыз айында 2 маман мемлекеттік қызмет көрсету курсын аяқтап, сертификатқа ие болыды (Алимжанов Т., Капажанова М.).

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ бұйрығымен бекітілгенМемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 қарашада №19656 болып тіркелген) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес,мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімнің барлық қызметкерлерінде офистік техника жаңартылды

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 семинар-кеңес өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында бөлім мамандары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын және бекітілген нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау

Шағымданушы туралы мәлімет

Шағымның басты мазмұны

Шағымды араған және (немесе) шешімді қабылдаған орган (ұйым)

Қаралған күні

Шағымды қаралған нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешім бойынша қайта қаралған жөнінде мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

Дата публикации
26 февраля 2025
Дата обновления
26 февраля 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы