Осы есеп беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 5 тармағына сәйкес және «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы туралы ақпараттандыру мақсатында жасалған. Аталған есепті орналастырудың негізгі міндеті барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға шақыру, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету.
«Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі алты мемлекеттік қызмет көрсетеді олардың толық тізбесімен Бурабай ауданының интернет - ресурсында, Щучинск қаласы әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стенділерде танысуға болады.
-1 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын есепке қою;
-2 Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде паспортын беру;
-3 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру;
-4 Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
-5 Тұрғын үй сертификаттарын беру;
-6 Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды. есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы;
- 7 Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу.
2024 жылы ерекше талап етілген мемлекеттік қызметтер- 263, - ол мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке тұрғызу саны-263, соның ішінде ХҚКО арқылы – 0 қызмет, «электрондық үкімет» веб порталы арқылы – 263.
- «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» «электрондық үкімет» веб порталы арқылы- 21;
- «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» – 4;
- «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды» -10,
- «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары»- 49;.
Мемлекеттік қызметтер тікелей тегін түрде көрсетіледі.
2024 жылы ХТЖ-ге 14 мемлекеттік қызметтер жәриеленді, Тікелей эфирде - 1.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны-2.
Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықжәне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетеді, толық тізбесімен Бурабай ауданындағы интернет ресурстары қорынан, ғимаратындағы стендтер, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танысуға болады, ғимарат шақыру түймесімен жабдықталған.
«Электрондық үкімет» веб порталы арқылы электронды түрде мемлекеттік қызмет алу бойынша халыққа бөлімге келген кезде түсіндерме жұмыстары өткізілуде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерін, жобаларын қауымдық талқылау туралы ақпарат халыққа арыздарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар қолдану.
Ерекше талап етілген мемлекеттік қызметтер- ол мемлекет қорынан үйге мұқтаж адамдарды кезекке тұрғызу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарын, жобаларын қауымдық талқылау туралы ақпарат халыққа арыздарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар қолдану.
Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөліміне ұсынылған қызмет сапалы түрде ішік бақылау бойынша есеп уақытында беріледі.
Бурабай ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізілді. Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2024 жылы қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.