Меню

Страницы

Статья

Бурабай ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң қызметiнде сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне нөлдiк төзiмдiлiктi арттыру мақсатында әзiрлендi.

1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеушiнiң атауы: «Бурабай ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

3. Қоғамдық қатынастардың жекеленген саласында жұмыс iстейтiн тұлғалардың мiнез-құлықы (iс-әрекетi) ережесi:

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асырған кезде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алу;

- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қатамасыз ету, азаматтардың өтiнiштерiн заңнамада белгiленген тәртiпте және мерзiмде қарау, олар бойынша қажеттi шараларды қолдану;

- мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тұтынушы ретiнде тұрғындардың сұрауларына тұтас бағыттай отырып, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру бойынша тұрақты негiзде шаралар қолдану;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердiң қабылдануының ашықтығын қамтамасыз ету;

- жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және басқа да тұлғалардың қызметiне ықпал ету үшiн қызметтiк жағдайын пайдаланбау;

- қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтау.

3.2. өз құзыретi шегiнде басқару және басқа да шешiмдер дайындаған және қабылдаған кезде:

- қызметтiк этиканы сақтау;

- мүдделер қайшылығына жол бермеу, ол туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес жою бойынша шаралар қолдану;

- мемлекеттiк қызметшiнiң құзыретiне кiретiн шешiмдердi қабылдаған кезде ешқандай материалдық игiлiктердi, қызмет көрсетулердi және өзiнiң заңды мiндеттерiн орындаумен байланысты басқа да жеңiлдiктердi қабылдамау;

- өкiлеттiктi өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес жүзеге асыру;

- жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және басқа да тұлғалардың қызметiне ықпал ету үшiн қызметтiк жағдайын пайдаланбау;

- қызметтiк тәртiптi мүлтiксiз сақтау, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, риясыз және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалану;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына төзiмсiздiк таныту.

3.3. нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындаған кезде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамада және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген, нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн сақтау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн және құқықтың сыбайлас жемқорлықтық нормаларынан тұратын актiлердi анықтау үшiн нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу;

- егер нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн қозғайтын болса, қоғамның алдын-ала талқылауынсыз олардың қабылдануына жол бермеу.

3.4. тiршiлiк әрекетi саласының қыр-сырына қарай туындайтын басқа да өзара қатынастар кезiнде:

- мемлекеттiң мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiне кедергi келтiретiн немесе оның тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұру;

- заңда тәртiптiк, әкiмшiлiк не қылмыстық жауапкершiлiк көзделген терiс қылықтардың және басқа да құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу;

- мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету, сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, оның iшiнде автокөлiктi тек қызметтiк мақсаттарда пайдалану;

- iскерлiк әдептi және ресми жүрiс-тұрыс ережелерiн сақтау.

4. Сыбайлас жемқорлық фактiлерiне тап болған кездегi қызметкерлердiң iс-әрекетi:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу және тоқтату бойынша қажеттi шараларды қолдану, оның iшiнде өзi қызметкерi болып табылатын мемлекеттiк органның басшылығын, сондай-ақ өкiлеттi мемлекеттiк органдарды жазбаша нысанда iле шала хабардар ету;

- мемлекеттiк лауазымдарды атқаратын тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестiрiлген тұлғалар алған сыйлықтарды тапсыру бойынша жаднаманы қатаң сақтау.

Дата публикации
01 июля 2020
Дата обновления
26 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы