2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Бурабай ауданы әкімдігі қызметінің есебі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтер, Бурабай кенті және Щучинск қаласы әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызметтер саны: ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 57 түрін (113 кіші түрін) көрсетеді.
- 5 қызметті ауылдық округ әкімдіктері көрсетеді.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 24 қызмет түрі.
- ЭҮП электрондық түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 54 қызмет.
- мемлекеттік қызметтің 59 түрінен ақылы негізде 4 қызмет көрсетіледі.
- проактивті форматта 7 түрі бар.
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын 58 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 16 539 құрады:
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 2 408;
– электронды түрде-14 005 (ЭҮП, ақпараттық жүйелер);
- көрсетілетін қызметті беруші арқылы-123 қызмет;
Мемлекеттік қызметтерді
«Электрондық үкімет порталы» арқылы көрсету
Ауылдық округтер, Бурабай кенті және Щучинск қаласы әкімдерінің аппараттарында 11 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 2381 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: бұл «Жер учаскесін алуға кезекке қою», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту»,»Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру», «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы деректерді беру», «Эскиздік жобаны келісу», «Шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актімен айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың (10 жергілікті атқарушы органның, 11 аумақтық округтің) стендтерінен алуға болады. Бурабай ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz.. аудан әкімінің Instagram парақшасында -burabay_audanynyn_akimdigi, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
Златополье ауылында сервистік әкімдік ашылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есеп қоғамдық талқылауға арналған аудан әкімінің - burabay_audanynyn_akimdigi сайты мен Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, пікір қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және
қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру жыл ішінде 10 семинар - кеңес және «дөңгелек үстел», қоғамдық кеңесте 4 тыңдау өткізілді, 10 Тікелей эфир және 1 онлайн-жәрмеңке өткізілді. Мемлекеттік органдардың БАҚ және әлеуметтік желілерінде 217 мақала жарияланды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Электрондық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» арқылы көрсетіледі.
Осыған байланысты Мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтер тізіліміне мерзімді өзгерістер енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында ақпараттық сервистердің және активтерді басқарудың цифрлық платформалары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылды. Сондай-ақ, 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін оңтайландыру мақсатында ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексіне мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық және көмекші құралдарымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының филиалында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 4 қызметші (мемлекеттік қызметшілер қатарынан) біліктілігін арттырудан өтті.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері - көрсетілетін қызметті берушілер үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу жүргізілді – 70 қызметкер оқытылды - (жоспарға 100%).
Техникалық оқу офлайн режимде өткізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес ауданның 10 мемлекеттік мекемесінде («Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және азаматтық хал актілерін тіркеу» ММ, «Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ), «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ, «Ұрымқай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Златополь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан Мемлекеттік қызмет көрсету саласында бақылау іс-шаралары өткізілді.
Келесі бұзушылықтар анықталды:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында 17 қызметтік жазба жасалды. Мемлекеттік қызмет көрсететін 6 маманға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтердің жалпы қанағаттанушылығына қатысты рейтингісіне сәйкес көрсеткіш 76,6% құрады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында «Бурабай ауданы бойынша 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың кешенді көрсеткіші» түйінді нысаналы индикаторының орындалуын ұйымдастыру үшін бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді, 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін «сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөліміне 8-71636-79319 телефоны бойынша хабарласуға болады.
2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бурабай ауданы әкімдігінің қызметі есебіне қосымша
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |