«Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша қызметі туралы 2023 жылға есебі
Есеп «Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі мәтін бойынша - бөлім) жұмысы туралы Бурабай ауданының халқын ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығы мен есептілігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидасының 9-тармағына сәйкес жасалды.
Осы есепті орналастырудың негізгі міндеті барлық мүдделі тараптарды талқылауға тарту, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлім «Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ ғимаратында орналасқан және 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың толық тізбесімен Бурабай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында, Щучинск қаласы әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендтерде танысуға болады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталған, қозғалыс жолдарының бедерлі тактильді белгілері орнатылған, сондай-ақ әкімдік ғимаратына кіру пандуспен және шақыру түймесімен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін "сервистік әкімдік" үй-жайы жұмыс істейді, сондай-ақ осы үй-жайда картридер, сканер, принтер, веб-камера сияқты перифериялық құрылғылармен жабдықталған "Egov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті өз бетінше ала алады.
Әлеуметтік желілер арқылы және азаматтар тікелей жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алудағы жалпы қолжетімділігі болып табылатынын атап өту қажет.
2023 жылы бөліммен 161 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы:
- "Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жаттықтырушы-оқытушы екінші санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі, барлығы-161 қызмет көрсетілді;
- оның ішінде 2 - разрядты спортшы – 19 Қызмет, 3 – разрядты спортшы – 18, 1 – жасөспірімдік разрядты спортшы - 31, 2 – жасөспірімдік разрядты спортшы – 55, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы-25, екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы-2, екінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі жаттықтырушы-2, спорт төрешісі-9.
Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөліміне көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есептер уақтылы ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымдары туралы ақпарат:
Бұзушылықтар саны-көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар-0.
Бурабай ауданының барлық тұрғындарына ағымдағы жылдың 01 наурызы мен 30 наурызы аралығында қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.
Бурабай ауданының тұрғындарына "түсініктеме" терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі.
|
№ |
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер |
"Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ |
|
1 |
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат |
|
|
Мемлекеттік қызметтер саны |
161 |
|
|
«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы |
161 |
|
|
Тегін |
161 |
|
|
ақылы негізде |
0 |
|
|
Қағаз түрінде |
161 |
|
|
Электрондық нысанда |
0 |
|
|
Бекітілген заңға тәуелді НҚА саны |
2 |
|
|
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет |
Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі |
|
|
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс |
||
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер |
Бурабай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсындағы ақпарат, Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөліміндегі стендтік материал, бұқаралық ақпарат құралдары, Е-gov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, тікелей эфирлер арқылы түсіндіру жұмыстары |
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар |
Халық алдындағы есепті кездесулер кезінде түсіндіру жұмысы, онлайн сөз сөйлеу, тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде |
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет |
||
|
3 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері |
«E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметті алуға қолжетімділік, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар |
семинар-кеңестер, оқыту семинары |
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру |
Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары |
|
|
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау |
||
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат |
Жоқ |