Меню

Страницы

Статья

«Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2023 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕБІ

«Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ

мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2023 жылы атқарған жұмысы туралы

ЕСЕБІ

 

Осы есеп беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23 бабы 5 тармағына, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет бойынша жұмысы туралы есебін әзірлеуі және ұсынуы Ережесінің 9 тармағына сәйкес және Бурабай ауданы Щучинск қаласының тұрғындарын әкім аппаратының жұмысы туралы ақпараттандыру мақсатында жасалған. Аталған есепті орналастырудың негізгі міндеті барлық мүдделі тұлғаларды талқылауға шақыру, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету.

«Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің аппараты» КММ 6 Мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың толық тізбесімен Бурабай ауданының интернет - ресурсында, Щучинск қаласы әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стенділерде танысуға болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін санитарлық - гигиеналық бөлмелер жабдықталған, қозғалыс жолдарының рельефті тактильді белгілері орнатылған, сондай-ақ әкімдік ғимаратына кіру пандуспен және шақыру түймесімен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қалалық әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Сервистік әкімдік» үй-жайы жұмыс істейді, сондай-ақ осы үй-жайда картридер, сканер, принтер, веб-камера сияқты переферийлі құрылғылармен жабдықталған «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті өздігінен ала алады.

Әлеуметтік желілер арқылы және тікелей азаматтар жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға жалпы қолжетімділігі болып табылатынын атап өту қажет.

         2023 жылы қала әкімінің аппараты - 2059 Мемлекеттік қызмет көрсетті. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік меншіктегі, конкурстарды (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» 1-кезең – 302 мемлекеттік қызметтер, 2-кезең – 299 мемлекеттік қызметтер; «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 125 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 1284 мемлекеттік қызметтер.

Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есептер уақтылы ұсынылады.

Қаланың барлық тұрғындарына ағымдағы жылдың 01 наурызынан 30 наурызына дейін жария талқылауларға белсенді қатысу өтінішімен жүгінеміз.

Қала тұрғындарына «Пікір» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыруға мүмкіндік берілетін болады.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы

ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың №

Шешім қабылданды

Шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

Щучинск қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2022 жылы атқарған жұмысы туралы

ЕСЕБІ

 

№

Қызмет беруші туралы мәлімет

«Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты» МКМ

1

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтердің саны

2059

ХҚО арқылы

9

Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

2055

Ақылы  негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

4

Қағаз нысанда көрсетілген мемлекеттік  қызметтердің саны

26

Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік  қызметтердің саны

2024

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны

7

Ең жиі талап етілетін мемлекеттік қызметтер

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді тлап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

-   «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгетуге шешім беру».

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

Қызмет алушылармен жұмыс

2

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Бурабай ауданының интернет-ресурсындағы ақпарат, Щучинск қаласы әкімі аппаратының ғимаратындағы стендтік материал, бұқаралық ақпарат құралдары.

Мемлекеттік қызмет көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

 

Әкімнің халық алдындағы есептік кездесулері кезінде түсіндіру жұмыстары

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін жетілдіру бойынша жұмыс

3

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін оптимизациялау және автоматтандыру нәтижелері

"Egov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметті алуға қолжетімділік, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметшілердің біліктілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар

Аппараттық оқу, семинар– жиналыстар

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету  сапасын бақылау

4

Мемлекеттік  қызметтер көрсету  мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Щучинск қаласы әкімінің аппаратына мемлекеттік  қызметтер көрсету  мәселесі  бойынша  қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ

       

 

 

Щучинск қаласының әкімі                                                    А. Мухамеджанов

 

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы