2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Бурабай ауданы әкімдігі қызметінің есебі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 23-бабына сәйкес облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.
Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін пайдаланылады.
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебіне (бұдан әрі – есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтер, Бурабай кенті және Щучинск қаласы әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызметтердің саны: ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 65 түрі (150 кіші түр) көрсетіледі.
- 5 қызмет ауылдық округ әкімдіктерімен көрсетіледі.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 32.
- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 59.
- 65 мемлекеттік қызметтің 9-сі ақылы негізде көрсетіледі.
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын 64 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 27 897 құрады:
- Мемлекеттік корпорация арқылы -4 293;
– электронды түрде-23 267 (ЭҮП, Ақпараттық жүйелер);
– көрсетілетін қызметті беруші арқылы-337 қызмет.
«Электрондық үкімет порталы» арқылы
мемлекеттік қызметтерді көрсету
Бурабай кенті және Щучинск қаласы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарында өзіне-өзі қызмет көрсетудің 11 бұрышы «E-gov». Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 2190 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: «жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру», «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Сауда-саттықты (конкурстарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу», «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Өлімді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актімен айқындалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың (10 жергілікті атқарушы орган, 11 аумақтық округ) стендтерінен алуға болады. Бурабай ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz.. аудан әкімінің Instagram парақшасында - burabay_audanyn_akimdigi, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
Кенесары, Успеноюрьевка және Веденов ауылдық округтерінде сервистік әкімдіктер ашылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есеп көпшілік талқылау үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады - burabay_audanynyn_akimdigi, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл ішінде 20 семинар - кеңес және «дөңгелек үстел», Қоғамдық кеңесте
4 тыңдау өткізілді, 10 онлайн-жәрмеңке өткізілді. БАҚ және мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде 185 мақала жарияланды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Электрондық мемлекеттік қызметтер «электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» арқылы көрсетіледі.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне кезең-кезеңімен өзгерістер енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру мақсатында ақпараттық сервистердің және активтерді басқарудың цифрлық платформалары арқылы тұрғын үй саласына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылды. Сондай-ақ, 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру мақсатында 2011 жылғы
26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының филиалында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 53 қызметші (мемлекеттік қызметшілер қатарынан) біліктілігін арттырудан өтті.
Жергілікті атқарушы органдар - қызмет көрсетушілер қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді – 110 қызметкер, оның ішінде 61 мемлекеттік қызметші оқытылды (жоспарға 100%).
Техникалық оқу Ақмола облысы әкімдігінің ішкі бақылау қызметінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысын шақырумен офлайн режимде өткізілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2022 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы 2 шағым келіп түсті, олар қанағаттандырылды.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданның 6 мемлекеттік мекемесінде (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, жұмыспен қамту, Зеленыйбор ауылдық округі әкімінің аппараты және Успеноюрьевка ауылдық округі әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәніне бақылау іс-шаралары өткізілді.
Бұзушылықтар қайда анықталды:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде 1 бизнес-процестерді бұзу фактісі анықталды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында 10 қызметтік жазба жасалды. Мемлекеттік қызмет көрсететін 6 маманға ескерту түрінде әкімшілік және тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік қызметтердің жалпы қанағаттанушылығына қатысты жергілікті атқарушы органдар рейтингісіне сәйкес 70,9% - ды құрады.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында "Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған кешенді көрсеткіші" негізгі нысаналы индикаторының орындалуын ұйымдастыру үшін бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді, Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2022 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөліміне 8-71636-79319 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Аппарат басшысы Ғ. Хасенов
Орынд.Есимова А.
79319
2022 жылы
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бурабай ауданы әкімдігінің қызметі есебіне қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым айтушы туралы мәлімет |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау нәтижесі бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім
|
Қабылданған шешімді қайта қарау Туралы мәлімет
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
Аппарат басшысы Ғ. Хасенов
Орынд.Есимова А.
79319