Меню

Страницы

Статья

«Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету»

         «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес біздің ауданның аумағында 2009 жылдан бастап ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша респебликалық бағдарлама жүзеге асырылады. 

Осы бағдарлама аясында ұсынылады:

- 100- есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы, 2026 жылы абсолютті сомада 432,5 мың теңге.

- тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 2000- есептік көрсеткіш көлемінде бюджеттік несие, 15 жыл мерзімге, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі несие сомасынан жылдық 1%. 2026 жылы бұл сома 8650 мың теңге болып белгіленді.

Көтерме жәрдемақы алу және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін маман келесі құжатарды ұсынады:

1) нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

3) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) білімі туралы диплом көшірмесі;

5) неке қию туралы куәлік көшірмесі (не некеде тұрған мамандар үшін);

6) Кредиттік бюродан есеп.

Маманға қойылатын негізгі талаптар:

- маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрақты тіркеудің (тіркелудің) болуы;

- маманның және оның отбасы мүшелерінің меншігінде жылжымайтын мүліктің болмауы;

- бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешектің болмауы (құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық мерзімі өткен берешектің болмауы.

«Агроөнеркәсіптіккешендіжәнеауылдықаумақтардыдамытудымемлекеттікреттеутуралы»ҚазақстанРеспубликасыЗаңының8-тармағының18-бабына сәйкесденсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтікқамсыздандыру, мұрағатісі,мәдениет, спорт, цифрлықтехнологиялар,агроөнеркәсіптіккешенсаласындағымамандарға, ауылдар,кенттер,ауылдықокругтерәкімдеріаппараттарыныңкелгеннемесеқайтыпкелгенмемлекеттікқызметшілерінеауылдықелдімекендердежұмыс істеу жәнетұруүшіноқыту, жергіліктіөкілдіоргандардың(мәслихаттардың)шешімі бойынша тұрғын үй сатып алунемесесалуүшінкөтермежәрдемақыжәнеәлеуметтікқолдау көрсетіледі.

Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу үшін келген маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімі ол келген (тіркелген) кезден бастап үш жылға дейінгі ұзақтықта белгіленеді. Үш жылдық мерзім аяқталғаннан кейін әлеуметтік қолдау алу құқығы жоғалады.

Бұл мемлекеттік қызмет  электрондық үкімет портал E-gov немесе жылжымайтын мүлік порталы Баспана Маркет otbasybank.kz/programm-bank арқылы көрсетіледі, тегін.

Қызмет көрсетудің нәтижесі жәрдемақы мен кредит беру, есепке және кезектілікке қою (әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда) немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алғаннан кейін маман елді мекеннің осы ұйымында 3 жыл бойы жұмыс істеуге міндеттеме алады.

Толығырақ ақпаратты мына мекен жай бойынша алуға болады: Щучинск қ.,  Абылайхан көшесі , 34,   экономика және қаржы бөлімі,  кабинет 310, тел.4-37-69, 4-42-05.

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
25 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы