«Орталық сайлау комиссиясы дәстүрлі түрде сайлау процесіне қатысушыларды оқыту мәселесіне үлкен көңіл бөледі. Саяси партияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға, БАҚ өкілдеріне, ҮЕҰ-ға оқыту семинарларын өткіздік. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды Қазақстаннан тыс жерлерде өткізуді қамтамасыз ететін барлық 68 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері үшін оқыту семинарын өткізуде», - деді Қазақстан Республикасы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров