Ол мамандардың дабыл қағып жатқанына назар аударады. Айтуынша, қазір ине ұстаған нашақорлардың емес, синтетикалық есірткінің заманы. Арзан әрі қолжетімді бұл есірткінің зардабы өте ауыр. Есірткіге тәуелді болғандардың арасында жастар көп. Синтетикалық есірткіні қолданатындардың қатарында тіпті мектеп оқушылары да бар.