Меню

Страницы

Статья

Бірінші рет дауыс бергендерге сыйлық қарастырылмаған

ҚР Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауында бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларға сыйлық жасау үшін қаражат қарастырылмаған. Бұл туралы аталған комиссия мүшесі Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мұндай сыйлықтарға біздің тараптан қаражат қарастырылмағаны анық. Дегенмен, алғаш рет 18 жасымда дауыс бергенім әлі де есімде. Оның үстіне 18-ге толғаныма 3-4 күн өткеннен кейін дауыс бердім. Сайлаушылар тізімінде болдым және маған телефон нөмірлерін жазуға арналған қойындәптер сыйлаған еді. Кәдесыйға келер болсақ, өзінің сайлаушыларын білетін қандай да бір сайлау комиссиясы тосынсый жасауы мүмкін. Орталықтандырылған бюджет ондайға қарастырылмаған. Сайлау комиссиялары жеке бастама жасауы мүмкін әрі мұндай бастама міндетті емес», - деді ол комиссия отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Дата публикации
09 ноября 2022
Дата обновления
09 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
инфографикалар
21 октября 2026
аудиороликтер
16 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы