Бурабай ауданының Щучинск қаласында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бурабай ауданының Щучинск қаласында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға сараланған тариф белгіленсін:
1) көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау кезінде қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға:
ересектерге – 110 (жүз он) теңге;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 50 (елу) теңге;
2) қолма-қол ақшамен төлем жасау кезінде қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға:
ересектерге – 200 (екі жүз) теңге;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 90 (тоқсан) теңге.
- Жолақыны электрондық төлеу жүйесі істен шыққан жағдайда, көлік карталары арқылы төлем жасайтын жолаушылар тегін жүруге құқылы.
- Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 «Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Садыков
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай аудандық мәслихаты