Бала тууына байланысты жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету
Бала тууына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жетілдіру мақсатында, 2017 жылы баланың тууына, оның ішінде баланың туылуын тіркеу, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезекке тұру, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындаумен байланысты мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсету іске қосылды. Қызмет қызмет алушының өтінішінсіз, SMS –хабарламалардың жауаптары арқылы көрсетіледі.
Мобильді азаматтар Қорында тіркелген, қызмет алушыларға баланың тууын тіркегеннен кейін, бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемдерді тағайындау үшін туылған баланың кезектілігіне сұрау салу түрінде SMS –хабарлама келеді. Жауапты алғаннан кейін қызмет алушыға банкілік шотты растау туралы келесі SMS –хабарлама келеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін басқа қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Қызмет алушының банкілік шотын тексерудің оң нәтижесі жағдайында бала тууына байланысты жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер бойынша проактивті қызметке өтінім «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бағытталады. Бала тууына байланысты жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тағайындалғаннан кейін қызмет алушыға жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің тағайындалған соммалары туралы хабарлама қызмет алушының абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама арқылы келеді.
Осылайша, мобильді азаматтар Қорында тіркелу жоғарыда көрсетілген қызметті кезексіз алуға мүмкіндік береді. Тіркелуді немесе мобильді азаматтар Қорында тіркелуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдердің мобильді тіркелу секторында тексеруге болады.
2019 жыл аралығында Ақмола облысы бойынша баланың тууы және күтімі бойынша жәрдемақыны проактивті түрде тағайындаумен 1008 адам қолданды.
Барлық сұрақтар бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» - 1411 әлеуметтік – еңбек саласындағы Байланыс-орталығына хабарласыңыз (қоңырау шалу тегін). Жұмыс кестесі: 9.00 бастап -18.00 дейін түскі уақытқа үзіліссіз, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа.
«Азаматтарға арналған үкімет»
Мемлекеттік корпорация КЕАҚ
Ақмола облысы бойынша филиалы