Жаңа жәрдемақылар
Ағымдағыжылғымамырайынанбастапбелгілібірсанаттағыадамдарүшінарнайымемлекеттікжәрдемақылардыңжаңамөлшерібелгіленді. Соныменқатар, жақындаарнайымемлекеттіктөлемдердіңжаңатүрлеріпайдаболды.
Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2020 жылғы 18 мамырдан бастап келесі арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың жаңа мөлшері белгіленді:
Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 мамырынан бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың жаңа түрлері енгізілді:
- тәжік-ауған аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекара қорғанысын күшейту жөніндегі келісімдерге және мемлекетаралық келісімдерге сәйкес тапсырмаларды орындайтын Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 13 335 теңге (4,8 АЕК);
- Иракта халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 13355 теңге (4,8 АЕК);
- Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылық және қарапаым құрамының тұлғаларына - 13 335 теңге (4,8 АЕК).
Осыған байланысты төлемдердің жоғарыда көрсетілген жаңа түрлеріне құқығы бар адамдар жәрдемақы алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүгіне алады.Өтініш беру кезінде сізде болуы керек: жеке басын куәландыратын құжат, жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар (әскери комиссариаттың басқа елдердегі соғыс қимылдарына қатысқаны туралы анықтама).
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» телефоны бойынша әлеуметтік-еңбек саласының байланыс орталығына хабарласуыңызға болады (қоңырау шалу тегін). Байланыс орталығының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін - күн сайын.
«Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола облысы бойынша филиалының Баспасөз қызметі