Жәрдемақы мөлшері артты

                                      Жәрдемақы мөлшері артты

         8 және одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының мөлшері жақында көбейді. Бұрын мұндай төлемдер басқаша жасалатын. Бүгін төлемдердің мөлшері өзгерді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» аймақтық филиалының баспасөз қызметі.

Жақында Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 заңына 8 және одан көп балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының жаңа мөлшері белгіленді. «Аналар мен балаларды қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 326-VI Заңымен, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына 8 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы белгілеу нормаларына қатысты өзгерістер енгізілді.

Бұрын 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 77 951 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.

Сонымен, 10-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес сегіз және одан да көп балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. 2020 ж. қаңтардан бастап 2651 * 4 = 10 604, ағымдағы жылдың сәуір айында АЕК өзгеруіне байланысты, мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де арттырылды - 2778 * 4 = 11 112 теңге әр балаға.

Бұл норманың күші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осылайша, 8 және оданк көп балалары бар отбасыларға бұрын тағайындалған жәрдемақының мөлшері ағымдағы жылдың басынан бастап қайта қарастырылуда (АЕК-ті ескере отырып 01.01.2020 ж. бастап 01.04.2020ж.дейін), айырмашылық осы санатқа жататын барлық алушыларға төленеді.

Естеріңізге сала кетейін, сұрақтар туындаған жағдайда сіз 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» телефондары арқылы әлеуметтік-еңбек саласының байланыс орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін). Байланыс орталығының жұмыс кестесі күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейін.

                                                                           «Азаматтарға арналған үкімет»

Ақмола облысы бойынша

   Филиалының Баспасөз қызметі

Дата публикации
30 ноября 2020