Зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері

Зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері

 

Ақмолалықтар  жыл басынан бері 88 млрд теңгеден астам әлеуметтік  төлем алды. «Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола облысы бойынша филиалынан орта есеппен ай сайын әр түрлі жәрдемақы алушылар 15 млрд теңгеден астам қаржы алады.

 

Бүгінгі күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалы мен оның құрылымдық бөлімшелері зейнетақы, сондай-ақ жәрдемақының 50 түрін төлеуді жүзеге асыруда. Ағымдағы жылдың 6 айында өңір бойынша 88,4 млрд.теңгеден астам сомаға әлеуметтік төлемдер төленді, орташа есеппен ай сайын 15,2 млрд. теңге сомасына төлем жүргізіледі.

Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі (Екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта»АҚ арқылы). «Қазпошта»акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы зейнетақыны үйлеріне жеткізіледі.

Қайтыс болған адамның зейнетақысы немесе жәрдемақысы алушының төлемдері қайтыс болған айға қоса төленеді. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кететіндерге есептеу ішкі істер органдарында тіркелуден алынған ай бойынша төленеді.

Aсыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, көп балалы отбасыларға  асырауындағы адамдар он сегіз жасқа толғанға дейін жүргізіледі, жоғарыда көрсетілген жастан асқан асырауындағы адамдар оқу орнының күндізгі жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жиырма үш жастан асқанға дейін оқу аяқталғанға  жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының оқу орнынан 6-қосымшасына сәйкес анықтама қажет. Он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағы адамның шын мәнінде жыл сайын ұсынылатын күндізгі нысандағы студент болып табылатыны туралы анықтама.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айрылу

жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер жәрдемақы алушыларға он сегіз жасқа асырауындағы адам толғанға дейін жүргізіледі. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 31-қосымшасына сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан асқан адамдар бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан отбасының он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар немесе білім алушылар болып табылатыны туралы анықтама (жыл сайын жаңартылып отырады) ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 64-т. сәйкес зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынған алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операциялары болмаған жағдайда төлемдерді тоқтата тұру қарастырылған.Осыған байланысты, аталған зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға банктік шот бойынша кемінде үш айда бір рет төлеуді тоқтатуды болдымау үшін банктік қозғалыс жүргізу ұсынылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкіметтің» әлеуметтік-еңбек саласының байланыс орталығына 1411 нөмірі бойынша хабарласа аласыз (қоңырау шалу тегін). Байланыс орталығының жұмыс кестесі күн сайын сағат 9.00-ден 20.00 - ге дейін.

 «Азаматтарға арналған үкіметтің»

Ақмола облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2020