Бурабай ауданындағы 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс лоттары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

 

1

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Бурабай ауданы бойынша Инватакси қызметтерін көрсету

31743

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Бурабай ауданы бойынша инватакси қызметтерін көрсету мүгедектігі бар адамдар мен аз қозғалатын азаматтар үшін Көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, олардың әлеуметтік ұтқырлығын арттыруға, қоғамдық өмірге интеграциялауға, сондай-ақ әлеуметтік, медициналық және өзге де қызметтерге қол жеткізуге тең құқықтарды іске асыруға бағытталған.

Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге:
       1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық айғақтар мен қарсы айғақтар «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген);
       2) протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге медициналық-әлеуметтік айғақтар мен қарсы айғақтар, техникалық көмекші «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшілермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, (орнын толтыру) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген);
      3) өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің екінші және үшінші дәрежедегі мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын көрінген психикалық бұзылулар.

Инватакси қызметтерін пайдалануға құқығым бар барлық мүгедектігі бар мұқтаж адамдарды 100% қамту

 

2

Бурабай ауданы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кресло-арбаларды ағымдағы жөндеу және сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметтер

4620

Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кресло-арбаларға ағымдағы жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету оңалтудың техникалық құралдарын қауіпсіз және үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, мүгедек адамдардың ұтқырлығы мен дербестігін қолдауға, олардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік интеграцияны арттыруға бағытталған.

Мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбаларды жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету

Мүгедектігі бар, жөндеуді немесе кресло-арбаға қызмет көрсетуді қажет ететін барлық мұқтаж адамдарды 100% қамту

 

3

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар

2000

Мәселенің өзектілігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ІІМ-нің жастарды психоактивті заттарды қолдануға тарту тәуекелдерінің артуы туралы деректерімен расталады. Профилактика қажеттілігі халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген.

14  жастан 35 жасқа дейінгі жастар

хабардарлықты арттыру, теріс көзқарасты қалыптастыру, бас тарту дағдыларын дамыту, салауатты баламаны танымал ету

 

4

Жасыл Ел

10560

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ Заңы

14  жастан 35 жасқа дейінгі жастар

жұмыссыздықты азайту, экологиялық және патриоттық тәрбие беру, достықты нығайту

 

5

Қоғамда гендерлік теңдік жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

1000

Гендерлік тең құқықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер мәдениетін қалыптастыруға, жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктің алдын алуға, халықтың құқықтық және әлеуметтік хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті және қоғамның тұрақты дамуын нығайтуға бағытталған.

Халықтың кең топтары

Қоғамда гендерлік теңдік бойынша іс-шаралар өткізу

 

6

Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қызметтер

1000

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы

Аймақтың барлық жастағы және әлеуметтік топтардағы халқы

Бурабай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу

 

7

Қызметтер радикалды діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға консультациялық-оңалту көмегін көрсету

5000

Радикалды діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға консультациялық-оңалту көмегін көрсету радикалдандыру мен экстремистік көріністердің алдын алуға, психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатты қалпына келтіруге, сыни ойлауды қалыптастыруға, сондай-ақ осындай адамдардың қоғамдарға табысты әлеуметтік бейімделуіне және реинтеграциясына жәрдемдесуге бағытталған.

Деструктивті діни оқулардың ықпалына түскен тұлғалар

Радикалды діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға консультациялық-оңалту көмегін көрсету

 

8

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен олардың отбасы мүшелеріне психологиялық, консультациялық және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

1000

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілер мен олардың отбасы мүшелеріне психологиялық, консультациялық және құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасындағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, қайталанған жағдайлардың алдын алуға және зардап шеккендерді әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ отбасы институтын және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары және олардың отбасы мүшелері

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен олардың отбасы мүшелеріне психологиялық, консультациялық және құқықтық көмек көрсету. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

 

 

Дата публикации
29 января 2026