Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бурабай ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Златополье сайлау округі
Златополье ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1477 азамат енгізілді, олардың 892 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 28.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Қапезов Е.Д. – 711; Омаров А.Б. – 74; Отарбаев Д.А. – 72.
Қапезов Ержан Даулбайұлы Златополье ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1983 жылы туған, «Гранд-Бурабай» ЖШС-нің директоры, Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Қатаркөл сайлау округі
Қатаркөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1939 азамат енгізілді, олардың 1147 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 11.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Абдуллин Б.Д. – 82; Ескендиров В.К. – 93; Құлан Д.Е. – 954.
Құлан Дастан Ерланұлы Қатаркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1990 жылы туған, «Қатаркөл ауылдық округінің әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінің Қатаркөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Ұрымқай сайлау округі
Ұрымқай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1677 азамат енгізілді, олардың 1044 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 9.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Дәулетбаев К.Б. – 104; Ефимов В.Д. – 120; Кенжебай Ж.Ж. – 803.
Кенжебай Жақсылық Жеңісұлы Ұрымқай ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1995 жылы туған, «Ұрымқай орман шаруашылығы» КММ орманды қорғау және қорғау инженері, Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінің Ұрымқай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Бурабай аудандық сайлау комиссиясы