Бурабай ауданының 2025 жылдың қаңтар – сәуір мамырға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ақпарат
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен қызметтердің) көлемі 66535,5 млн.теңгені құрады, НКИ - 108,7 % (2024 жылы – 52461,0 млн. теңге, НКИ – 110,4%)
Өндірістің өсуі байқалады:
Өңдеу өнеркәсібі - 57701,5 млн теңге немесе 117,2% (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2712 кг немесе 104,4% ((2380 кг) алтын өндіру есебінен негізгі өсім, сондай-ақ бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі 24,7 мың тонна немесе 185,6% (13,3 мың тонна) ).
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау-467,9 млн теңге или 106,4%.
Өндірісті төмендеуі:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 6338,0 млн теңге немесе 97,1% (кен өндіруді азайту 590-нан 572 мың тонна дейін - 84,2%);
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 2028,1 млн теңге немесе 97,6%.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5145,7 млн.теңгені құрады, НКИ – 98,9% (2024 жылы – 4054,8 млн. теңге, НКИ – 104,2%), оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 5145,7 млн. теңге НКИ – 98,6%.
Тірі салмағы 2241,0 тонна (107,3%), сүт 6216,8 тонна (85,6%) мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, жұмыртқа өндірісі 1994,0 мың дананы (105,8%) құрады.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 26,9 мың басты (97,1%) құрады, оның ішінде сиырлар 13,0 мың бас (111,5%), қойлар мен ешкілер 44,5 мың бас (104,5 %), шошқалар 2,7 мың бас (84,7%), жылқылар 12,8 мың бас (105,2%), құстар 61,5 мың бас (112,7%).
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 6011 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 104,5% құрайды, оның ішінде 777 заңды тұлға, 4829 ЖК, 405 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (6404) 93,9 % – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 1,1 тармаққа жоғары (2024 г. –92,8%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 10615,3 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 83,1% құрады (2024 жылы – 15171,9 млн.теңге, НКИ-85,2%).
Бюджеттік инвестициялар 15,7% азайды (1.06.2025 – 3569,1 млн.теңге, 1.06.2024 ж. – 4235,7 млн.теңге, 84,3)
Жеке инвестициялар 2,2% - ға ұлғайды (1.06.2025 – 11179,1 млн. теңге, 1.06.2024 ж. – 10936,2 3 млн. теңге, 102,2%)
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5588,2 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 54,0% ұлғайды (2024 жылы – 10202,7 млн.теңге, НКИ – 287,1%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 8724 шаршы метрді өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда немесе 49,5% құрады (2024 ж. – 17613,0 шаршы м.) оның ішінде ЖТҚ 3232 шаршы метр.
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 18362,3 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,7% құрады (2024 жылы – 17116,7 млн. теңге, НКИ – 120,2%).
Денсаулық сақтау (Авицена Бурабай ЖШС деректері)
1.06.2025 жылғы жағдай бойынша туылғандар саны 260 баланы құрады немесе 84,1%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 282 адамды құрады немесе 99,2%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне, оның 5 жасқа дейінгі 2 бала, бір жасқа дейін 1 бала.
Өмір сүру деңгейі
2024 жылда аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 401 406 теңгені құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен 61218 теңге) 6,6 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (85000 теңге) 4,7 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (354455 теңге) қарағанда өсу қарқыны 113,2 % - ды құрады. Нақты жалақы индексі 102,2% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық еңбек ақысы 343 471 тенгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1119 адам өтініш білдірді, оның ішінде 891 адам жұмыспен қамтылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 79,6% құрайды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 891 жұмыс орны құрылды (2024 жылға қарай 83,7%), олардың ішінде 720 тұрақты (2024 жылға қарай 83,3%) және 171 уақытша (2024 жылға қарай 85,5%).
Ауданда 53 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 246 адам.
Бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 37940,8 млн. теңге түсті, бұл болжамға 123,2% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 9179,6 млн. теңге немесе жоспарға 107,9%
- республикалық бюджет 28761,2 млн. теңге немесе 129,0%, өсу қарқыны 212,6%,
- облыстық бюджет 3439,4 млн. теңге немесе 104,9%, өсу қарқыны 83,8%;
- аудан бюджеті 5740,1 млн. теңге немесе 109,7%, өсу қарқыны 118,9%,
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 105,4% - құрады (2025 ж. – 8519,7 млн.теңге, 2024 ж. – 8084,4 млн.теңге).
«Ауыл – Ел бесігі»
«Ауыл – Ел бесігі» бойынша 2025 жылы 6 жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылы барлығы бөлінді 1 030 986,3 мың теңге, оның ішінде РБ 617 742,0 мың теңге, ОБ 413 244,3 мың теңге.
Іске асыру барысы туралы: