2024 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Бурабай ауданы экономика және қаржы бөлімінің» ММ қызметі туралы есеп

2024 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

     «Бурабай ауданы экономика және қаржы бөлімінің» ММ қызметі                                   туралы есеп

 

«Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» бір мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Бөлім, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 30 қыркүйктегі,  2023 жылғы 12 маусымында және 2024 жылғы 5 тамызында еңгізілген өзгерістерімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» ережелерді басшылыққа ала отырып мемлекеттік қызметті көрсетеді. Қызмет «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АК Baspana market электронды түрде сенім білдірілген агент платформасы арқылы  көрсетіледі.

2024 жылы «Экономика және қаржы бөлімі» ММ 49 мемлекеттік қызмет көрсетті, 13 дәлелді бас тарту жасалды.

Дата публикации
04 июня 2025