Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

 

 

Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының      13-бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ                                 және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

2) екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға.

  1. Қаржыландыру көзі Бурабай ауданының бюджеті болып айқындалсын.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Бурабай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Бурабай ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы
Дата публикации
28 мая 2025