Успеноюрьев ауылдық округі мен Атамекен ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу қорытындылары туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 11 мамырда екі сайлау округі бойынша Ақмола облысы Бурабай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бурабай ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Атамекен сайлау округі

Атамекен ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 1069 азамат енгізілді, олардың 724 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 60.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Ибраев А.А. – 63; Ибраев Б.С. – 483; Қазтаев Ж.Т. – 106.

Ибраев Бауржан Серікпайұлы Атамекен ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1988 жылы туған, «Спутник» БСО, шаруашылық бөлімінің директоры, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Успеноюрьев сайлау округі

Успеноюрьев ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 918 азамат енгізілді, олардың 652 - дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 44.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Есбулатов Қ.М. – 62; Ескендиров В.К. – 55; Оспанов Т.Қ. – 482.

Оспанов Талғат Қалимжанұлы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1983 жылы туған, Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі, Успеноюрьев ауылында тұрады, Успеноюрьев ауылдық округінің Успеноюрьевка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынылған.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  2025 жылғы 13 мамырдағы шешімімен 2025 жылғы 11 мамырда сайланған ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 мая 2025