Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округі мен Атамекен ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық сайлау комиссиясы Успеноюрьев ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді:

 - Есболатов Қанат Мейрамұлы, 1994 жылы туған, аудан әкімінің көмекшісі, «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

- Ескендіров Уәлихан Қайратұлы, 1995 жылы туған, бөлім басшысы, «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

- Оспанов Талғат Қалымжанұлы, 1983 жылы туған, ауылдық округ әкімі, «Успеноюрьев ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, Успеноюрьевка ауылында тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынған.

Атамекен ауылдық округінің:

- Ыбыраев Алмаз Абайұлы, 1990 жылы туған, әкімнің орынбасары, «Зеленобор ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

- Ыбыраев Бауыржан Серікпайұлы, 1988 жылы туған, шаруашылық бөлімінің директоры, «Спутник» БСО, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

- Қазтаев Жолдасхан Төлеуханұлы, 1989 жылы туған, бөлім басшысы, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі өзін-өзі ұсынған;

- Қапезов Ержан Дауылбайұлы, 1983 жылы туған, директор, «Гранд-Бурабай» ЖШС, Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
21 апреля 2025