Бурабай ауданының Успеноюрьев ауылдық округі мен Атамекен ауылдық округінің әкімдерін кезекті сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 6 тармақшасына,   21 бабының 4 тармағына, 22 бабына сәйкес, Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бурабай ауданы Успеноюрьев ауылдық округінің әкімін кезекті сайлау бойынша ауылдық округтің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Бурабай ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімін кезекті сайлау бойынша ауылдық округтің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  3. Сайлау округтердің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Бурабай», «Луч» аудандық газеттерінде жариялансын.

 

 

 

Дата публикации
02 апреля 2025