"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 сәуірде № 22528 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
6-тармақ алып тасталсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күн құрайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде өтініш және Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (бұдан әрі - Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) талаптарына сәйкестігін тексереді.
Өтініш және Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары талаптарына сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уақыт бойынша қосарланған маршруттар автобустары арасында жоспарланған жүру интервалын құрайтын шартты қарастырады және кенттермен, селолармен аудан орталықтары арасындағы, және аудан орталықтары мен облыс орталықтары және облыстық маңызы бар өзге де жақын қалалар арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
Өтініш және Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары талаптарына сәйкестігі нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарламаны не егер өтініш және Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасы осы Қағидалардың және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары талаптарына сәйкес келмесе, Стандарттың 9-тармақта көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны ресімдейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не жетекшілік ететін басшы орынбасарымен және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келісу бойынша оның міндетін атқаратын адамға жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Жолаушылар мен багажды |
|
|
Нысан |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекітуге арналған өтініш
1) куәлік нөмірі №: ________;
2) берілген күні (күні, айы, жылы): __________;
3) қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________;
4) куәлікті берген жергілікті атқарушы органы: ___________.
1) шарт нөмірі №: ________;
2) берілген күні (күні, айы, жылы): __________;
3) қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________;
4) шартты жасасқан жергілікті атқарушы органы: ___________.
1) қалалық (ауылдық) □;
2) қала маңындағы □;
3) ауданішілік □.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға қызметті жүзеге асыру немесе жеке әрекеттердің мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
*Осы өтініштің 4 және 5-тармақтары бойынша мәліметтерді толтырған кезде бір бастапқы пункттен жөнелту уақытын және бір соңғы пункттен жөнелту уақытын көрсете отырып, бір маршруттың атауы көрсетіледі.
Қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда елді мекенде орналасқан аялдама пункттерінің атаулары көрсетіледі.
Ауданішілік қатынастарда маршруттың бастапқы және соңғы пункттерінде орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.
Аралық пункттер, олар бар болғанда маршрут схемасында және қозғалыс кестесінде көрсетіледі.
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Жолаушылар мен багажды |
|
|
Нысан |
"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
|
|
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) |
портал арқылы. |
|
|
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
4 (төрт) жұмыс күні. |
|
|
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған). |
|
|
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
|
|
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
|
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
|
|
|
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
|
|
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|||
|
|
Жолаушылар мен багажды |
|||
|
|
Нысан |
|||
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы № _____ хабарлама
Берілетін уақыты мен күні: 20 ____ жылғы "___" _______
Көрсетілетін қызметті алушы: __________________________________
(жеке сәйкестендiру нөмiрi /
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту"
Куәліктің көмірі №: ________
Шарттың нөмірі №: ________
Қатынас түрі: ___________
|
Маршруттың атауы |
Қозғалыс кестесі |
||
|
бастапқы пункті |
соңғы пункті |
бастапқы пункттен жөнелту уақыты |
соңғы пункттен жөнелту уақыты |
|
|
|
|
|
Статус: Бекітілді
Хабарлама берген жергілікті атқарушы орган: ____________________
_________________________________________________________________
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Жолаушылар мен багажды |
|
|
Нысан |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы №____ хабарлама
Берілетін уақыты мен күні: 20 ____ жылғы "___" _______
Көрсетілетін қызметті алушы: __________________________________
(жеке сәйкестендiру нөмiрi/
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту"
Куәліктің көмірі №: ________
Шарттың нөмірі №: ________
Қатынас түрі: ___________
|
Маршруттың атауы |
Қозғалыс кестесі |
||
|
бастапқы пункті |
соңғы пункті |
бастапқы пункттен жөнелту уақыты |
соңғы пункттен жөнелту уақыты |
|
|
|
|
|
Статус: Бас тартылды
Негізі: ______________________________________________________
_________________________________________________________________
Хабарлама берген жергілікті атқарушы орган: ____________________
_________________________________________________________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК