"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 15 маусымдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 маусымда № 28519 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
Е. Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру тәртібі
1) халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға "Қазавтожол" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының филиалдарымен келісім алу;
2) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жергілікті атқарушы органдармен келісім алу;
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру.
3-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көрсетілген қызмет көрсету стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 1-стандарт) сәйкес құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 - стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жазбаша келісім беріледі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
4-тарау. "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" мемлекеттік көзделген қызмет стандартының 8-тармағына (бұдан әрі – 2-стандарт) сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушы 2 - стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында облыстық, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жазбаша келісім беріледі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
5-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып, отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік әрекет қабылданса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Сыртқы (көрнекі) жарнама |
|
|
Нысаны |
|
|
____________________________ |
Өтініш
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісуіңізді сұраймын.
Автомобиль жолының атауы (атауы) _____________________________
Мекен жайы ______ километр_______ +метр, оң/сол жақта _______________
Күні _______________ Алушы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
жеке немесе заңды тұлғаның атауы
__________________________________________________________________
не уәкілетті тұлғаның қолы)
"___" ______________ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.
|
|
Сыртқы (көрнекі) жарнама |
|||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының облыстық филиалдары. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
5 жұмыс күні. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған). |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Сыртқы (көрнекі) жарнама |
|||
|
|
Нысаны |
|||
|
|
____________________________ |
|||
Өтініш
Сізден сыртқы (көрнекі) жарнама нысанын облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолына орналастыруға келісуіңізді сұраймын.
Жолдың атауы (атауы) ___________________________________________
Мекен жайы _______ километр ________ + метр, оң / сол __________________
Күні _____________ алушы ___________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
___________________________________________________________________
(бар болса) заңды тұлғаның атауы
___________________________________________________________________
немесе уәкілетті тұлға, қолы)
"___" ____ жыл ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға келісемін.
|
|
Сыртқы (көрнекі) жарнама |
|||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу" |
|
|||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал). |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет мерзімі |
5 жұмыс күні. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған). |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жазбаша келісу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және порталда сақталады. |
|
|
|
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Тегін. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) құжат эскизінің электрондық көшірмесі. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді талап ететін қызметке жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК