Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін болатын референдум учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Бурабай аумақтық референдум комиссиясының ШЕШІМІ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 29-бабы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңының 38-бабының 3-тармағы негізінде, референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың барлығы дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін референдум учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

№ р/б

учаскесінің №

Учаскенің орналасқан жері

1.

335

Щучинск қаласы, орталық аудандық аурухана шағын ауданы, 1 В

2.

339

Бурабай кенті, Бурабай көлінің оңтүстік-батыс жағалауы

3.

340

Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 1 В

4.

364

Қатаркөл ауылы, Қатаркөл көлінің оңтүстік жағалауы, 8

5.

755

Щучинск қаласы, Қанай би 209Г

6.

756

Щучинск қаласы, Алтын күз көшесі, 4

7.

757

Қатаркөл ауылы, Қатаркөл көлінің солтүстік жағалауы, 2

8.

788

Щучинск қаласы, Абай көшесі, 87 А

9.

789

Щучинск қаласы, Өндіріс көшесі, 1

 

  1. Осы учаскелерде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
  2. Осы шешімнің көшірмесі Ақмола облысының аумақтық референдум комиссиясына жіберілсін.

 

Комиссиясының

төрайымы                                                                                    Қ. Әбділова

 

Комиссиясының

хатшысы                                                                                       Л. Ахметова

 

 

2024 жылғы 23 қыркүйек

Дата публикации
25 сентября 2024