2024 жылғы 16 маусымда Бурабай ауданының Веденов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бурабай ауданы Веденов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 616 азамат енгізілді, олардың - 353 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 89.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Омаров Алтынбек Боташұлы – 43;
Сыздыков Рахат Сайранұлы – 207
Веденов ауылдық округінің әкімі болып Сыздыков Рахат Сайранұлы сайланды, 1983 жылы туған, басшы, «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Бурабай аудандық сайлау комиссиясы