«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 14-бабының 6) тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Бурабай ауданы Веденов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы № 10 қаулымен ауылдық округ аумағының шекараларында Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құрды:
Веденов ауылдық округінің әкімі сайлау бойынша сайлау округі құрылсын – Веденов ауылдық округі шекараларында Веденов сайлау округі;
Бурабай аудандық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Щучинск қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 34, каб.5, тел. 8 (71636) 2-37-74
Комиссия төрағасы - Қымбат Болысбекқызы Әбділова; төрағаның орынбасары - Қанат Әлібекұлы Балташев; хатшы- Ләззат Алкешқызы Ахметова; комиссия мүшелері: Алтынай Маратқызы Ахмеджанова, Диас Кешубайұлы Кудеринов, Жасұлан Сүлейманұлы Мажкеев, Бибігүл Еркенқызы Тыржанова.
Бурабай аудандық
сайлау комиссиясы