«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақмола облысы Бурабай ауданы Веденов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын.
- Бурабай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Бурабай», «Луч» аудандық газеттерінде оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерін көрсетумен сайлау округі жариялансын.
Комиссияның төрағасы Қ. Әбділова
Комиссияның хатшысы Л. Ахметова