Бурабай аудандық мәслихатының № 14 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы
28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының               14 бабы 2-3 тармақшасына, 101 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына,
3-1 және 6-тармақтарына сәйкес, Ақмола облысы Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 31 наурызға Бурабай аудандық мәслихатының
    № 14 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындалсын.
  2. Бурабай аудандық мәслихатының № 14 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бурабай аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және аудандық «Бурабай», «Луч» газеттерінде жариялансын.  

         Төрайым                                                           Қ. Әбділова

         Хатшы                                                               Л. Ахметова      

         

 

Щучинск қаласы,

2024 жылғы 31 қаңтар

№ 6/6

 

 

 

 

Дата публикации
31 января 2024