Бурабай ауданының 2024 жылғы 1.01. арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ақпарат
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) көлемі 133851,5 млн.теңгені құрады, өткен жылдың кезеңіне НКИ – 198,2% (2022 жылы – 73300,8 млн. теңге, НКИ – 163,5%)
Өндірістің өсуі байқалады:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 180,7% (құрамында алтын бар кенді өндіру есебінен 8584 мың тонна немесе өткен жылы 172,1% (4987,0 мың тонна);
Өңдеу өнеркәсібі – 222,2% (негізгі өсімі алтын өндіру есебінен 5887 кг немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 287,7% (2047 кг).
Келесі бойынша көлемдер төмендеді:
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 95,7%.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау-91,7%.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 41782,4 млн.теңгені құрады, НКИ – 77,2% (2022 жылы – 56631,8 млн. теңге, НКИ – 113,6%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 21689,4 млн. теңге 67,9%, мал шаруашылығы бойынша – 20092,0 млн. теңге НКИ – 97,7%.
Тірі салмағы 5211,7 тонна (97,0%), мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, сүт 39446,7 тонна (99,6%) жұмыртқа өндірісі 12325,4 мың дананы (85,6%) құрады, ЖАЖ (жануарлардың ақпарат жүйесі) электрондық базасы бойынша мал басын нақтылау негізінде ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) мал басының азайюына байланысты.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 27,0 мың басты (98,1%) құрады, оның ішінде сиырлар 17,1 мың бас (123,7%), қойлар мен ешкілер 34,7 мың бас (88,1%), шошқалар 3,4 мың бас (66,4%), жылқылар 12,2 мың бас (102,1%), құстар 83,4 мың бас (122,2%).
Ағымды жылы 50 басқа сүт фермасын ұлғайту бойынша 1 жоба, ІҚМ 111 басқа ет мал шаруашылығы бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5591 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 101,7% құрайды, оның ішінде 787 заңды тұлға, 4275ЖК, 433 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (6056) 92,3% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 1,1 тармаққа жоғары (2022 ж. – 91,2%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 34848 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 44,5% құрайды (2022 жылы – 79187,9 млн.теңге, НКИ-104,2%), (өткен жылы «RG Gold» алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).
Бюджеттік инвестициялар 2,3 есе ұлғайды (2024 жылғы 01.01 – 10785,2 млн, тенге, 2023 жылғы 01.01 –4650,4 млн, тенге).
Жеке инвестициялар 67,7% азайды (2024 ж 01.01 – 24063,4 млн.тенге, 2023 ж 1.01. – 74537,5 млн.тенге)
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 23333,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 27,0% (2022 жылы – 80479 млн.теңге, НКИ – 280%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31270 шаршы метрді немесе 119,7% құрады (2022 ж. – 26207 шаршы м.) өткен жылы "RG Gold" алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 42470,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7% құрады (2022 жылы –36664,0 млн. теңге, НКИ – 100,5%).
Денсаулық сақтау (Авиценна Бурабай ЖШС деректері)
2024 жылғы 1.01. жағдай бойынша туылғандар саны 890 баланы құрады немесе 91,5%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 676 адамды құрады, оның 8-ы 1 жасқа дейінгі балалар немесе 95,5%, нәрестелер өлімі өткен жылдың кезеңіне сәйкес.
Өмір сүру деңгейі
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2023 жылдың 9 айда 292 761 құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40567 теңге) 7 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (70000 теңге) 4,0 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (237969 теңге) қарағанда өсу қарқыны 123,0% - ды құрады. Нақты жалақы индексі 104,9% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық жалақы 286 550 теңгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2023 жылда жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2828 адам өтініш білдірді, оның ішінде 3205 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 143,8% құрайды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 3205 жұмыс орны құрылды (2022 жылға қарай 143%) олардың ішінде, 2828 тұрақты (2022 жылға қарай 155,6%) және 423 уақытша (2022 жылға қарай 89,1%).
Жылдық жоспары 1068 адам болатын бірегей жұмыс орындарын құру бойынша орындалуы 1094 адамды немесе 102,4% құрады.
Ауданда 122 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 549 адам.
Бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 62220,0 млн. теңге түсті, бұл болжамға 105,9% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 16065,4 млн. теңге немесе жоспарға 124,9%.
- республикалық бюджет 46154,6 млн. теңге немесе 100,6%, өсу қарқыны 186,1%;
- облыстық бюджет 7792,5 млн. теңге немесе 103,1%, өсу қарқыны 106,7%;
аудандық бюджет 8272,9 млн. теңге немесе 155,8%, өсу қарқыны 136,5%;
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 125,0% -. құрады.