Бурабай ауданының 2023 жылғы 1.12. арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Ақпарат

Бурабай ауданының 2023 жылғы 1.12. арналған 

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Ақпарат

 

Өнеркәсіп.

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) көлемі 121909,9 млн.теңгені құрады, өткен жылдың кезеңіне НКИ – 201,3% (2022 жылы – 65485 млн. теңге, НКИ – 151,6%)

Өндірістің өсуі байқалады:

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 183,9% (құрамында алтын бар кенді өндіру есебінен 7753,0 мың тонна немесе өткен жылы 167,2% (4637,0 мың тонна);

Өңдеу өнеркәсібі – 230,0% (негізгі өсімі алтын өндіру есебінен 5292 кг немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 298,8% (1771 кг).

Келесі бойынша көлемдер төмендеді:

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 97,1%.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау-91,8%.

          2024 жылғы 01.01. НКИ – 100% күтілуде.

 

 

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 40998,4 млн.теңгені құрады, НКИ – 78,9% (2022 жылы – 54217,7 млн. теңге, НКИ – 112,2%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 22426,6 млн. теңге 70,8%, мал шаруашылығы бойынша – 18571,1 млн. теңге НКИ – 98,3%.

Тірі салмағы 4756,4 тонна (97,2%), мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, сүт 36957,8 тонна (100,3%) жұмыртқа өндірісі 10857,5 мың дананы (85,5%) құрады, ЖАЖ (жануарлардың ақпарат жүйесі) электрондық базасы бойынша мал басын нақтылау негізінде ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) мал басының азайюына байланысты.

Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 27,4 мың басты (95,0%) құрады, оның ішінде сиырлар 17,1 мың бас (114,6%), қойлар мен ешкілер 35,9 мың бас (100,9%), шошқалар 4,3 мың бас (88,5%), жылқылар 12,6 мың бас (102,7%), құстар 97,1 мың бас (95,6%).

Ағымды жылы 50 басқа сүт фермасын ұлғайту бойынша 1 жоба, ІҚМ 111 басқа ет мал шаруашылығы бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.

2024 жылғы 1.01. НКИ –78 % күтілуде. (мал мен құс басының азаюына, сонымен қатар  өнімділіңтің төмен болуына байланысты)

 

Шағын бизнес

Статистика деректері бойынша ауданда 5616 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 102,8% құрайды, оның ішінде 753 заңды тұлға, 4420ЖК, 443 ШҚ.

Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (6130) 91,6% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен                          0,5 тармаққа жоғары (2022 ж. – 91,1%).

 

Инвестициялар.

Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 30961,6 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 39,9%  құрайды (2022 жылы – 72994 млн.теңге, НКИ-95,3%), (өткен жылы «RG Gold» алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).

Бюджеттік инвестициялар 2,6 есе ұлғайды (2023 жылғы 01.12 – 10095 млн, тенге, 2022 жылғы 01.12 –3838,4  млн, тенге).

Жеке инвестициялар 69,8% азайды (2023ж 01.12 – 20866,6 млн.тенге, 2022 ж 1.12. – 69155,6  млн.тенге)

2024 жылғы 1.01. инвестициялардың НКИ – 38,4 %  күтілуде.

 

 

Құрылыс.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 22166,5 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 33,7% (2022 жылы – 61337,4 млн.теңге, НКИ – 270%).

Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24142 шаршы метрді немесе 129,7% құрады                (2022 ж. – 18615 шаршы м.) оның ішінде ЖТҚ - 14463 шаршы метр (86,2%).

2024 жылғы 1.01. құрылыс көлемінің НКИ – 26,3% күтілуде (өткен жылы "RG Gold" алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).

2024 жылғы 1.01. тұрғын үйді пайдалануға беру күтілуде 113%.

 

Бөлшек сауда.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 35948,2 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,1% құрады (2022 жылы –30451,8 млн. теңге, НКИ – 96,6%).

2024 жылғы 01.01 НКИ -100,0% күтілуде.

Денсаулық сақтау (Авиценна Бурабай ЖШС деректері)

2023  жылғы 1.12. жағдай бойынша туылғандар саны 799 баланы құрады немесе 113,6%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.

Өлім-жітім 615 адамды құрады, оның 8-ы 1 жасқа дейінгі балалар немесе 95,6%, нәрестелер өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 14,2% құрады.

 

Өмір сүру деңгейі

Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2023 жылдың 9 айда 292 761 құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40567 теңге)            7 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (70000 теңге) 4,0 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (237969 теңге) қарағанда өсу қарқыны 123,0% - ды құрады. Нақты жалақы индексі 104,9% - ды құрады.

Облыс бойынша орташа айлық жалақы 286 550 теңгені құрады.

 

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау

2023 жылда жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2157 адам өтініш білдірді, оның ішінде 3015 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 139,7% құрайды.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.

Есепті күнге 3015 жұмыс орны құрылды (2022 жылға қарай 186,1%) олардың ішінде, 2642 тұрақты (2022 жылға қарай 210%) және 373 уақытша (2022 жылға қарай 103,0%).

Жылдық жоспары 1068 адам болатын бірегей жұмыс орындарын құру бойынша орындалуы 1094 адамды немесе 102,4% құрады.

Ауданда 104 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 438 адам.

 

Бюджет

Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 46212,1 млн. теңге түсті, бұл болжамға 110,7% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 14076,3 млн. теңге немесе жоспарға 125,6%.

- республикалық бюджет 32135,8 млн. теңге немесе 105,3%, өсу қарқыны 200,9%;

- облыстық бюджет 6703,7 млн. теңге немесе 104,0%, өсу қарқыны 108,1%;

аудандық бюджет 7372,6 млн. теңге немесе 154,8%, өсу қарқыны 130,7%;

Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 124,5% -. құрады.

 

                   

Бөлім басшысы                                                                            Г. Тінәлинова

 

Дата публикации
27 декабря 2023