БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ 10 ЖЕЛТОҚСАНҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 10 желтоқсанда Бурабай ауданы Щучинск қаласы әкімінің сайлауы өтті.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 32 976 азамат енгізілді, оның ішінде 4 155 – дауыс берді.

Үміткерлер саны – 6

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылар саны -0;

Үй - жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылар саны - 396;

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бағатбеков Н.К.– 414;

Исманов М.Б. – 997;

Майканов Н.С. - 246;

Молдаспаев А.Т. - 79;

Мұхамеджанов А. Н. – 1951;

Сыздыков Р.С. - 122.

«Бәріне қарсымын» жолында белгісі бар дауыстар саны - 196.

Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 150.

Асхат Нұрланұлы Мұхамеджанов 1985 жылы туған, «Бурабай Стройцентр» ЖШС-ның директоры, Щучинск қаласында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, Щучинск қаласының әкімі болып сайланды,

 

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
12 декабря 2023