Бурабай ауданының 2023 жылғы 1.11. арналған
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Ақпарат
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің) көлемі 108261,3 млн.теңгені құрады, өткен жылдың кезеңіне НКИ – 205,7% (2022 жылы – 58509,4 млн. теңге, НКИ – 138,4%)
Өндірістің өсуі байқалады:
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 185,5% (құрамында алтын бар кенді өндіру есебінен 6530 мың тонна немесе өткен жылы 159% (4107 мың тонна);
Өңдеу өнеркәсібі – 242,6% (негізгі өсімі алтын өндіру есебінен 4632 кг немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 324,6% (1427 кг).
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 103,6%.
Келесі бойынша көлемдер төмендеді:
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау-91,9%.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 38121,7 млн.теңгені құрады, НКИ – 80,0% (2022 жылы – 48614,0 млн. теңге, НКИ – 103,7%), оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 20713,7 млн. теңге 71,9%, мал шаруашылығы бойынша – 17407,5 млн. теңге НКИ – 98,3%.
Тірі салмағы 4535,5 тонна (97,4%), мал мен құстың барлық түрлерін союға өткізілді, сүт 34471,1 тонна (100,3%) жұмыртқа өндірісі 10015,3 мың дананы (85,3%) құрады, ЖАЖ (жануарлардың ақпарат жүйесі) электрондық базасы бойынша мал басын нақтылау негізінде ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылық) мал басының азайюына байланысты.
Аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара мал басы 27,8 мың басты (94,8%) құрады, оның ішінде сиырлар 17,0 мың бас (114,5%), қойлар мен ешкілер 36,3 мың бас (100,9%), шошқалар 4,8 мың бас (88,5%), жылқылар 12,7 мың бас (102,6%), құстар 106,2 мың бас (95,1%).
Егін жинау науқаны 13 тамыздан басталды. Ағымдағы жылы 175,2 мың га алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жүргізілуде, бұл 2022 жылғы егістігіне сәйкес келеді. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдар 138,7 мың га алқабында, соның ішінде бидай 95,6 мың га (2022 жыл дейгейіне дәнді және бұршақ дақылдардың 18,2 мың га егіс алқабының артуы), майлы дақылдар – 21,5 мың га. (2022 жыл дейгейіне майлы дақылдардың егіс алқабының 19,8 мың га азайды) мал азықтық дақылдар – 12,6 мың га., (ұлғайды 2,3 мың га) картоп-2,2 мың га., көкөніс дақылдар – 230,8 га.
Ағымды жылда топрақтағы өнімділік ылғалдығы төмен, жауын-шашынның болмауы және тұқымның жоғары құнына байланысты май дақылдақтардың егіс алқабы азаюы.
Алдын ала мәліметтер бойынша дәнді және бұршақты дақылдар 136,3 мың гектар жиналды (2383 гектар есептен шығарылды), жалпы алым 101,6 мың тоннаны құрады, өнімділік 7,5 ц/га, майлы дақылдар 20,7 мың га алқапқа жиналды (312 гектар есептен шығарылды), жалпы алым 12,3 мың тонна, өнімділік 6,0 ц/га.
Шағын бизнес
Статистика деректері бойынша ауданда 5654 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді, бұл өткен жылға қарағанда 104,9% құрайды, оның ішінде 757 заңды тұлға, 4454ЖК, 443 ШҚ.
Тіркелгендер санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі (6183) 91,4% – ды құрайды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 0,9 тармаққа жоғары (2022 ж. – 90,5%).
Инвестициялар.
Есепті кезеңде инвестициялар көлемі 28620,3 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 37,7% құрайды (2022 жылы – 71577,1 млн.теңге, НКИ-111%), (өткен жылы «RG Gold» алтын-қалпына келтіру фабрикасының құрылысы бойынша жоба іске асырылды).
Бюджеттік инвестициялар 2,5 есе ұлғайды (2023 жылғы 01.11 – 9178,9 млн, тенге, 2022 жылғы 01.11 –3616,5 млн, тенге).
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 18413,3 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ – 438,2% (2022 жылы – 45077,5 млн.теңге, НКИ – 230%).
Тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23116 шаршы метрді немесе 128,4% құрады (2022 ж. – 17997 шаршы м.) оның ішінде ЖТҚ - 13617 шаршы метр (83,2%).
Бөлшек сауда.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 30721,3 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,9% құрады (2022 жылы –25925,1 млн. теңге, НКИ – 97,2%).
Денсаулық сақтау (Авиценна Бурабай ЖШС деректері)
2023 жылғы 1.11. жағдай бойынша туылғандар саны 711 баланы құрады немесе 96,7%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне.
Өлім-жітім 545 адамды құрады, оның 4-ы 1 жасқа дейінгі балалар немесе 119,8%, нәрестелер өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 50% құрады.
Өмір сүру деңгейі
Аудан бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы 2023 жылдың 9 айда 292 761 құрап, ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40567 теңге) 7 есеге, ең төменгі жалақы мөлшерінен (70000 теңге) 4,0 есеге артты. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне (237969 теңге) қарағанда өсу қарқыны 123,0% - ды құрады. Нақты жалақы индексі 104,9% - ды құрады.
Облыс бойынша орташа айлық жалақы 286 550 теңгені құрады.
Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2023 жылда жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2033 адам өтініш білдірді, оның ішінде 2830 адам жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды. Өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі 139,2% құрайды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 %, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3% құрады.
Есепті күнге 2830 жұмыс орны құрылды (2022 жылға қарай 184,8%) олардың ішінде, 2460 тұрақты (2022 жылға қарай 209%) және 370 уақытша (2022 жылға қарай 104,50%).
Жылдық жоспары 1106 адам болатын бірегей жұмыс орындарын құру бойынша орындалуы 963 адамды немесе 87,1% құрады.
Ауданда 81 аз қамтылған отбасы бар, оның ішінде 389 адам.
Бюджет
Мемлекеттік бюджеттің кірісіне жыл басынан бері барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 37143,8 млн. теңге түсті, бұл болжамға 112,3% құрады, оның ішінде жергілікті бюджетке 12447,3 млн. теңге немесе жоспарға 118,1%.
- республикалық бюджет 24696,5 млн. теңге немесе 109,6%, өсу қарқыны 190,5%;
- облыстық бюджет 5930,6 млн. теңге немесе 97,8%, өсу қарқыны 106,1%;
аудандық бюджет 6516,7 млн. теңге немесе 145,6%, өсу қарқыны 130,6%;
Жергілікті бюджетке (облыстық+аудандық) салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны өткен кезеңде 123,9% -. құрады.