«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.11.2023 - 05.12.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.12.2023- 08.12.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

13.12.2023- 15.12.2023

Сұхбат: 21.12.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16E-G-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 380391

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін).

 

Лауазымның атауы:

Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің орынбасары (блок А,  грейд 7), санаты «E-G-1», 1 бірлік.

 

Функционалдық міндеттері:

коммуналдық шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру мәселелері. Осы салалар кәсіпорындарының, қоғамдық бірлестіктердің (пәтер иелерінің кооперативі) әлеуметтік-экономикалық дамуды және тыныс - тіршілікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру, төтенше жағдайлардан ескерту және олардың зардаптарын жою бойынша мәселелер, объектілерді салуға жер учаскелерін бөлу бойынша мәселелер. Аумағының санитарлық жағдайы, жайлыландыру және көгалдандыру мәселелері. Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мәдениет, білім, денсаулықты сақтау саласында бағдарламаларды жүзеге асыру, БАҚ-ты, спорт пен туризмді дамыту мәселелері. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша мәселелер. «ҚР сайлау туралы» Заңын орындау. Әкім аппараты қызметкерлерінің қызметін бақылау.

 

Білім бойынша талап:

педагогикалық  ғылымдар  немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және  биоресурстар немесе қызмет көрсету немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс немесе денсаулық сақтау немесе ветеринария саласында  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6,                C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

 2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Дата публикации
28 ноября 2023