Осы Әдістемелік ұсынымдар төтенше жағдайлардың туындау мәселелерін, алдын алу мен туындаған жағдайдағы іс-қимылдарды қамтиды.
Ұсыныстарда мүгедектігі бар адамдар пайдалана алатын және олардың жақындарына пайдалы болатын ақпараттың айтарлықтай көлемі бар.
Осы ұсынымдарда төтенше жағдай туындаған жағдайда өз-өзіне көмек көрсетуге арналған материалдар жинақталған.
Әдістемелік ұсынымдар төтенше жағдайлардың алдын
алу бойынша іс-шараларын жүргізу кезінде үлестірме материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.