«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 «Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс өткізеді

 

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің аппараты

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.11.2023 - 22.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.11.2023- 25.11.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

29.11.2023- 01.12.2023

Сұхбат: 06.12.2023

Анықтама телефоны: 8(71636)79-3-16

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Бурабай ауданың экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің қаржы секторының бас маманы, санаты «E-R-4»

 

Функционалдық міндеттері:

қаржы-экономикалық және бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме аппаратының мемлекеттік сатып алуын өткізу. Негізгі қызмет және жеке құрам бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу. Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша аудандық бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын аудандық бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік есептілікті, қаржылық есептілікті жасау және ұсыну. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттік кәсіпорындардан бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау үшін талап етілетін ақпаратты сұрату және есептер мен басқа да мәліметтерді алу. Өз құзыреті шегінде құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу. Құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелеріне қатысты құжаттамалармен кедергісіз танысу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

Білім бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе  қаржы есеп және аудит) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртібі:

Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде  қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізеді
Дата публикации
16 ноября 2023